Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Соғылды күміс қоңырау!

Соғылды күміс қоңырау!

1 қыркүйек білім күні мерекесін Атырау облысының барлық білім ошақтары ерекше қуанышпен қарсы алды. №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектепте өз алаңына жүзінен мейірім ескен ұлағатты ұстаздар мен жазғы демалыстан алтын ұясын сағына жеткен оқушыларды жинады. Салтанатты жиыннан  ардагер ұстаздар мен мекеме тізгінін ұстағандар, балаларына үміт артқан ата-ананалар да тыс қалмады. 1-қыркүйек білім күніне орай «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты шараға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұжымы арнайы қонақ болып қатысты. Алдымен сөз алған мектеп директора Баян Асылбекқызы өткен оқу жылының табысты өткенін тілге тиек етіп, ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Шара барысында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевке сөз кезегі берілді. Құрметті ұстаздар, ата – аналар,жаңа оқу жылына қадам басқан оқушылар! Жадыраған жазды артта қалдырып, берекелі қоңыр күздің алғашқы таңымен бірге бүкілхалықтық мереке – білім күнін қарсы алып отырмыз. Білім күні құтты болсын! Оқуда озат, жеңіске жете беріңдер! Атырау облыстық комитеті атынан аз қамтылған отбасынан шықққан 2-5 сынып оқушыларына спорттық киімдермен, оқулық құрал-жабдықтарын табыстады.

 Әр жылдың өз ерекшелігі  болады. Биылғы оқу жылында сіздер де толағай табысқа жетіңдер», –  деді ҚКХП Атырау облыстық комитетінің кеңсе менеджері Мәдина Мамбеталиева. Мектеп табалдырығын     аттағалы тұрған балдай тәтті бүлдіршіндер де өз құттықтау тілектерін  тақпақтары арқылы жеткізді.

Алғашқы қоңырау мерекесінде аталмыш мектептің талантты оқушылары ән салып, би билеп, өнерлерін көрсетті.  Мерекелік жиынның   соңында толқытып бір сәтке көңілді, алғашқы қоңырау соғылды!

 

Гүлжан Инжелова

02.09.2013ж.

Яндекс.Метрика