Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » «Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!»

«Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!»

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің қолдауымен, комсомол жастар қанатының ұйымдастыруымен 29-30 қыркүйек күндері Атырау қаласының № 24, 22, 27, 10 мектептерінің 7,8 сыныптарының оқушылары арасында «Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!» атты кіші аяқ добы турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа кеңінен тарту, спортқа деген көңілдің бөлінуі, мектеп оқушыларын достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, футбол спорт түрін одан әрі дамыту, насихаттау болып табылады. Өскелең ұрпақтың денсаулығы – салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруына бағытталып отыр.

Спорт, адам денсаулығының нашарлауына тосқауыл қоятын, сондай-ақ, адам ағзасының физиологиялық жағынан қалыпты дамуына өзіндік үлесін қоса алатын бірден-бір құрал екендігінде ешкімнің дауы жоқ. Осындай дені сау азаматтарын спортқа, мектеп қабырғасынан-ақ дайындап, олар үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарды, спорт майталмандары мен ардагерлерді үлкен құрметпен айтуға болады. Жалпы бұл турнирдің бағыты оқушылар арасында спортты дамыту, қала тұрғындарын спортқа кеңінен тарту – дейді. Турнирдің барысында алғашқы сөз кезегін алған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Жұмажан Үмбетжанов.

Турнирге комсомол жастар қанатының мүшелері, ҚКХП Атырау облыстық комиеті және елуден аса жанкүйер оқушылар қатынасты. «Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!» деген ұранмен басталған жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті.

Сайыстың қорытындысын жасаған комсомол жастар қанатының мүшесі Мәдина Мамбеталиева. «Ең үздік қақпашы» атты алғыс хат № 24 мектептің 7 – сынып оқушысы Алмас Құжановқа берілді. I, II, III орындарды №24-27 мектеп оқушылары жеңіп алды. Ең үздік ойыншыларға комсомолдар кубымен медальдар табыс етілді. Комсомол жастар қанатының ұйымдастыру алқасының арнайы дайындаған сыйлықтарымен марапаттады.

 

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

             

Яндекс.Метрика