Home » Атырауский обком » «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»

«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»

«1-қыркүйек  Білім күні» мерекесіне орай Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы тұсында еліміздің басты мерекесінің бірі Конституциямыздың 17 жыл толуына байланысты Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінде  білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті жаңа оқу жылында студенттерге қолдау көрсету мақсатында «Қайырылымдық қоры» акциясын өткізді. Мерекелік шараға колледж ұжымы, білімгерлер, ата-аналар қауымы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Салтанатты шараға арнайы келген «Қайырылымдық қоры» акциясының ұйымдастырушысы ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев студенттерді, оқытушыларды ата-аналармен  келген қонақтарды «Білім күнімен» құттықтап, еліміздің болашағы – білімді, өрелі жастардың қолында екені белгілі. Кемел келешек иесі бүгінде қоғамның жетекші күшіне айналуда. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз жастарға қамқор қолдарын созумен келеді.  Еліміздің еңсесін тіктейтін болашақ ұрпақты тәрбиелеу – мұғалімдерге жүктелер зор міндет. Қазіргі таңда Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы талқыланып жатырғандығын айырықша атап өтті. Шара барысында белсенді студенттер ішінен 15 студентті партия құрамына қабылдап, оларға партбилеттермен төс белгілерін тарту етті.

Сонымен қатар, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжнің директоры Гүлнәр Аухадиева Қайыржанқызы барлық келген қонақтарды, ата-аналарды, ұстаздармен студенттерді жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтады. Салтанатты шара колледж студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Бүгін барлық мектептерде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Бүгінгі таңда сапалы білім, саналы тәрбие – ұрпақ болашағына негізгі талап. Өскелең ұрпақтың уақтылы білім алып, білік дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесінде Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

«Мектепке жол» акциясы – кішкентай жүректерге үміт отын сыйлады, қуаныш әкеледі. Осы орайда «Үлкеннің мыңына бергенше, кішінің біріне бер» деген халық даналығының сөзі бар. Бүгінгі сәби жүрек – ертеңгі болашағымыз. Олай болса, осындай шара кезінде балаға қуаныш сыйлау, бала жүзінен үміт отын көру ерекше бақыт екенін білеміз. Білім күні мерекесіне арнайы мектеп-интернатында  «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Бұл шараға мектеп-интернатының атына берілген Сабыр Қазыбаевтың жолдасы Гүлжамал апай, Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Әйкерім Нәжімиденқызы, және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Жұмажан Серікбайұлы Үмбетжанов қатысты. Бүгінгі мейрам күнінде мектеп-интернаттың ұстаздары мен тәрбиешілерге мықты төзім, еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.

«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші Білім алу арқылы, болашаққа аттаған қадамдарыңыз сәтті болсын деген ниетімен ҚКХПАтырау облыстық комитеті атынан балдырғандарға арналған сый-сыйапаттарды табыс етті.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика