Home » "Коммунист Казахстана" » Т І Л І М Т І Р Е Г І М Е Д І . . .

Т І Л І М Т І Р Е Г І М Е Д І . . .

Туған тілімізді тілге тиек етуден сескенетін, қала берді жауытақырыпқа жатқыза салатын күнгде жеттік бүгін. Сөйте тұра өзге ұлттың сары жəне қара домалақтары

қазақ тілінде бір сөздің басын қайра қалса атойлап жар салып, сол жандарды төрімізге оздырып, төбемізге шығарып хан көтереміз. Бар құрмет пен қошемет солар үшін. Бірақ оған таң қалудың өзі, артық Бұны қазақы іштарлыққа немесе көреалмаушылық деп қарарсыздар…

Бірақ ұлтының қамын ойлап уайым шеккендер мен тілі мен діні үшін дүниеден баз кешкендерге неге бір сəтке қолдау көрсетіп, жасаған еңбектеріне сай құрметтемейміз.

Бірақ біздің қазекем қашанда сол бір енжарлыққа салынып өз ішінен шыққан ұландарды биігіне көтерген емес. Көтермейді де. Бұл өткен күндердің зобалаң тарихында да

қашалып жазылған үні зарлы, шынайы шындық.

Дамыған зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз деп мақтанамыз.

Иа расында солай. Төріміздегі көк жəшікті қосып қалсаңыз болды қоғамда болып жатқан сан түрлі түйткілсіз мəселелер өз шешімін тапқан, өркендеп дамып жатқан

елміз. Күн сайын бір мемлекет біздің елдің күші мен қуатын, экономикасы мен табиғи байлығын мойындап жатқаны. Иа бұл үлкен қуаныш, əрі мақтаныш баршамыз үшінде. Бірақ…

Бірақ, өкініштісі сол тіліміздің тіліне тікен кіргенін көршілдеріміз бен қонақтарымызда сезіп білетіндей. Елге келе сала біздің ана тіліміздегі «сəлем», «рахмет» тағы сол сияқты

бірнеше сөздерді жаттап алады да, біз қазақша үйреніп жатырмыз деп жар салып, аңқау қазақ журналистерін торларына түсіріп, қазақ бұхаралық ақпарат құралдарының бетін жаулап алады. Ал, оның астарында не жатыр, оны кім біліп, кім олардың мақсат-мұратын қадағалап отыр?

Əрине бірімізде… Мəселен Қазақстан ұлттық арнасында айтар ойы мен қоғамдық пікірдің тоғысы болар бағдарламалардың бірі, осы жаңа маусымда қалың көрермен назарына ұсынылған «Айтуға оңай» бағдарламасынның студиясына дəл мен сөз еткен қазақ тілін

білетін, қазақша əн салатын өзге ұлт өкілдерінің басы қосылды. Əдемі əңгіме, қазақы қонақжайлылықтың үлгісі болды сол жерде. Несін айтасыз бəріміз отырып мақтандық

та, мақтадық та. Осы жерде жауыр болған ой мен сөздің бірідерсіз, деседе өзге тілде сайрап жүрген қазақ қаншама? Ал солардың бірі сол елдің экранынан шығып, төріне озды

дегенді естегеніңіз бар ма? Шекарасынан аса бере келемеждеп, қала берді түрмесінің түбіне тоғытып жіберіп жатыр. Əрине бұл олардың арына сын, азаматтықтарына мін.

Ал тілім дегенде жүрегіңді тілімдеп түсетін тағы да бір өкінішті жағдай көшелеріміздің көркін кетіріп, тіліміздің тіреуін сындырып тұрған жарнамалардағы қате аудармалар

мен жазулар. Қаншама облыстарды араладық, бəріненде көретініміз сол баяғы қателіктер. Сонда оған қарап отырған басшылық қайда, аударған адамның қазақша сауаттылығы

қайда? Егерде қарапайым жарнамалық сөздерді жаза алмаса, орысшадан қазақшаға аудара алмаса нəсібін басқа кəсіптен іздемей ме, шіркіндер?!

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

P.S.Ұлтының сөзін сөйлеп, ұлты үшін уайым шекпегендерді ұлттың ұландарына жатқызудың өзі ұят, əрі ұлт үшін құрбан болғандардың алдында кешірілмес қателік!

Яндекс.Метрика