Home » "Коммунист Казахстана" » ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕГУ 15 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСПАҚ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕГУ 15 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСПАҚ

18 қазан 2010 жылы

kn

Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы дайындықты бастады. Осы мақсатта арнайы вакциналарды егу жұмыстары алдағы қараша айының 15-не дейін жалғасады.

Ол үшін мемлекет қазынасынан 365 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Жоспар бойынша ел тұрғындарының жарты миллионнан астамына вакцина тегін егіледі. Бұлардың қатарында балалар, жағдайы төмен отбасылардың мүшелері, қарттар мен балалар үйіндегі жандар. Ал өз еркімен егілем деушілерге жергілікті денсаулық сақтау мекемелері ақылы түрде қызмет көрсетуге дайын. Қазірдің өзінде 100 мыңдай тұрғын ақылы егілуге тапсырыс беріпті.

Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының сөзінше, бір вакцинаның құны 2 мың теңгеден аспайды. Дәрілер Голландия, Германия және Франция елдерінен алынған.

Айтмағанбет Жолшоринов, ҚР ДСМ МСЭҚК басқарма бастығы:
– Инфлювак, ваксигрипп және флюарикс деген үш түрлі вакцина. Айта кететіні, үшеуінің де сертификаттары бар.

Яндекс.Метрика