Home » "Коммунист Казахстана" » Түркі тілдес халықтардың жазбасы күні

Түркі тілдес халықтардың жазбасы күні

18 сәуір – түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен жазбасы күні. «Түркі тілдес халықтар жазбалары күндері» апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Көне түркі жазбаларының тарихы» атты жастар конференциясына Екібастұз қаласының ҚКХП жас мүшелері қатысты.

Конференцияда медициналық колледж, политехникалық колледж, Қ.Пшенбев атындағы №18 кәсіптік-техникалық мектеп студенттері қатысты.

Баяндамашылар көне түркі жазбаларын зерттеу тарихы, Талас өңірінің жазба ескерткіштері туралы әңгімелеп берді. Айдос Ғаббасов Орхон ескерткіштері: Білге қаған, Күлтегін және Тәңіркөк еске алу кешендері жайлы тарихи мәліметтер жасады.

Қазақстанның көне түркі жазу ескерткіштері: Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазу, Ертістен табылған қола айнадағы түркі бітік мәтіні, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы терезесінде жазылған жазбалар және тағы да басқа жазба ескерткіштер туралы тартымды түрде баяндады.

Конференция соңында баяндамашыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

ҚКХП-ның Екібастұз қалалық комитеті

Яндекс.Метрика