Home » "Коммунист Казахстана" » Түркістан коммунистері есеп берді

Түркістан коммунистері есеп берді

Мамыр айының 12 күні Түркістан қаласы ҚКХП комитетінің есеп беру конференциясы болып өтті. Жалпы делегаттар саны 21 партия мүшелері болды. Есепті қалалық партия комитетінің 1 хатшысы Ш.Артыкбаев жасады.

Жарыс сөзге шыққандар: Қ.Абдувахабов, С.Асқарбаев, А.Құттыбаев, М.Манапов, П.Омаров, Н.Масадыкова, А.Жүсіпов, жолдастар қалалық партия комитетінің жұмысына жоғары баға берді.

Конференция делегаттарының бір ауздан қолдауымен қалалық партия комитетінің хатшылары мен бақылау комиссиясы төрағасы және ақсақалдар алқасы бюро мүшелері, комитет мүшелері сайланды.

Осы екі конференция аралығында мыннаң асқан қала партия ұйымы қатарына 182 адам мүше болып кірді. Кіріп жатқандардын көбісі жастар, саналы, білімді адамдар.

Біздін Түркістан қаласы ҚКХП комитетінде, партия құрылғалы бері ұйымдастырылған ақсақалдар алқасы жұмыс атқарады, оның төрағасы партиянын 48 жыл мүшесі болып кележатқан ақсақал Абдувахабов Камал мен Асқарбаев Сатыбалды жолдастар.

Алдағы уахытта атқарып жатқан жұмыстарымызды алға тартамыз. Партияның халық игілігі үшін атқаратын шараларына атсалысамыз.

Ш. Артықбаев

Түркістан

Яндекс.Метрика