Home » "Коммунист Казахстана", № 44//20.12.2013 » Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы

 «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты қол добы спорттық ойын жарысын өткізді.

Волейбол спорттық ойынына № 24, 22, 27, 10 мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жарысқа жиналған қатысушылар тәуелсіздік үшін құрбан болған жастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні халқымыздың сан ғасырлар бойы азаматтық жолындағы, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, жиырма екі жылға толып отырған мерзімде жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз деді – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Дәл осы мерекені халық коммунистері  ұмыт қалдырмай мектеп оқушылары арасында қол добы спорттық ойын ұйымдастырды. Ойын сәтті басталып, жеңісті аяқталды. І орын Сәбит Мұханов атындағы №10 орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. ІІ орын №22 орта мектебі алса, ІІІ орын № 24 орта мектебінің ерлер командасына бұйырды. Ойын соңында Ең үздік оқушыларды грамоталар және алғыс хаттармен марапатталып, І орын иеленген командаға «Коммунисттер кубогы» берілді.

 

 

Гүлжан Инжелова,

Атырау

Яндекс.Метрика