Home » "Коммунист Казахстана" » ТАРИФТІҢ ӨСУІ –ХАЛЫҚТЫ ТОНАУ

ТАРИФТІҢ ӨСУІ –ХАЛЫҚТЫ ТОНАУ

Өткен жұмада ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде

тарифтердің негізсіз өсуіне қатысты баспасөз мəслихаты өтті.

Оған соңғы жылдары коммуналдық қызмет, жарық, жылу бағасының

бірнеше есеге дейін өскені түрткі болды. ҚКХП- ның Алматы қалалық

комитетінің хатшысы Елнұр Бейсенбаев, ҚКХП- ның Алматы қаласы

бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев, алматылық

зейнеткерлер Екатерина Логинова, Татьяна Ляшенко сөз алды

Елнұр Бейсенбаев келтірген мəліметтерге сүйенсек, он екі жыл ішінде

электр энергиясы 300 пайызға қымбаттаған. Құрылғыларды жаңарту үшін тарифтерді көтеріп жатырмыз деген уəж айтады. Алайда, Екібастұз,

Қапшағай СЭС-і төрт жылда бір ғана жаңарту жұмыстарын жасаған. Жəне оған жылдық табысының 70 пайызын ғана жұмсаған. Ыстық су 50 пайызға, жылу 30 пайызға, жарық 10 пайызға көтеріліп отыр. Ал кəсіпорындарға

бар болғаны 3 пайызға көтерген. Электр энергиясын халықтың ең көп қолданатын уақытында 19-20 теңгеге дейін қымбаттатпақшы. «Тарифтердің көтерілуінің бірден бір себебі – халықты қанау арқылы қалтаны қалыңдату. Қазақстан бай мемлекет. Мемлекет тарапынан халықты тонауды тоқтату

керек. Тариф жалақының өсуіне қарай жасалуы керек. Біздің партия мұнымен келіспейді. Бұған қарсы тұру міндетіміз», – дейді халықтық

коммунист Елнұр Бейсенбаев. Вячеслав Артемьев Алматыда жолақысының 50 теңгеден 80 теңгеге бірден қымбаттағына наразылық білдірді. Қала билігі «бағаның өсуі жолаушы тасымалдау мəдениетін көтереді, жол бағыты түннің бір уағына дейін тоқтамайтын болады, билет беріледі. Жүргізушілер

бірыңғай формада болады, темекі тартпайды, қалта телефонымен сөйлеспейтін болады», – деп уəде берді. Ол қоғамда кең талқыланды деп

сендірді. Партия өкілдері, сарапшылар, зейнеткерлер бəрі бірауыздан қолдаған-мыс. «Бірақ «баяғы жартас бір жартас». «Ұлттық Банк төрағасы

Г.Марченко мырза елімізде инфлияция төмендеп, айлықтың жоғарылап жатқанын айтады.

Ал тасымалдаушы компаниялар, керісінше, инфлияция күшейіп келеді дейді. Сонда кімге сенеміз? Жүргізушілер жолақысының қымбаттауынан

ешқандай пайда көріп отырған жоқ, орындауға тиіс жоспарды да жоғарылатып жіберген» – деп, көп жайттың басын ашып берді ардагер коммунист В.Артемьев.

Тарифтің өсуі ең алдымен зейнеткерлерімізге ауыр тиіп тұр. Алматылық əйел Екатерина Логинова 15 мың теңге зейнетақы алады екен. 10 мың теңгесін коммуналдық қызмет үшін төлейді. 2 мың теңгесі жолға кетеді. Айына 3 мың

теңгеге күн көреді. Күн көреді дегеннен гөрі ұдайы ашқұрсақ жүреді деген орынды болар.

«Жақында судың бағасы да көтеріледі деп естідім, – деп бастады сөзін Екатерина Егоровна, –2009 жылы зейнетке шықтым. 2010 жылдан бастап

маған зейнетақы емес, 3 мың теңге көлемінде жəрдемақы төлей бастады. Екі балам үшін 3 мың теңгеден тағы қосты.

Жалпы, 9 мың теңге болды.

Жолақысына 1,5 мың теңге қосылды. Барлық қосылған ақшаны есептегенде,қазір 15 мың теңге көлемінде аламын.

2010 жылдан бері бір мəрте де ет сатып алған емеспін.

Тек қана сүт, сары май мен қ а р а қ ұ м ы қ талқанын ғана сатып аламын.

Ең сорақысы, мен жалғыз емеспін. Мен секілді зейнеткерлер өте көп» .

Қ а ғ а з бастылықтың к е с і р і н е н өзіне тиесілі зейнатақысын

ала алмай жүрген қариялардың бірі – Татьяна Ляшенко.

Ол 40 жылдық үздіксіз еңбек өтілім барлығына қарамастан, ең аз зейнетақы алады. 1991 жылдан бастап 8 жыл «Кара ван» газетінің типографиясында істеген. Осы уақыт ішінде ол жерде бірнеше президент ауысып үлгерген. Президенттермен қатар, «Караван», «Қазпринт», сосын «Франклин» болып атаулары да өзгеріп отырған. Сол типография əлі күнге дейін «Караван»

газетін басып жатыр. Зейнетте шыққанға құжаттар дайындап жүргенде айлық көлемі туралы анықтама қағазы керек болды. Бұрынғы «Караван», Қазпринт» жойылған.

Мұрағаттарда да ештеңе сақталмаған. Барлық құжаттар өртелген. Тіпті, мөрлерге дейін құрып кеткен. «Сізге ешқандай көмек бере алмаймыз, қазір

біз «АзияПресс» деп аталамыз», – дейді ондағылар.

«40 жыл істеген еңбегім осылай еш кетті. Қазір жастардың ат-əжелерді

өлтіріп, дүние мүліктерін тонап жатқаны туралы ақпараттарды күнде көріп

жүрміз. Бұған қоғам кінəлі. Біз балаларымызға ешқандай мүмкіндік беріп жатқанымыз жоқ. Оларға ешқандай көмек көрсете алмай жүрміз», – деп

күйзеледі зейнеткер Ляшенко Татьяна.

Елімізде бай мен кедейдің арасындағы əлеуметтік алшақтық жер мен көктей

екені қазір ешкімге құпия емес. Үкіметтің құлағына алтын сырға, тарифтердің негізсіз көтерілуіне тыйым болмаса, онсызда қордаланған

əлеуметтік мəселелер ушыға бермек. Оның зардабынан құтылу ұзақ жылдар қажет болуы мүмкін.

Санжар Арысов

Алматы

Яндекс.Метрика