Home » Партийная жизнь, Южно-Казахстанский обком » Теміржол тарландары

Теміржол тарландары

Арыста темір жол торабында тәлімді еңбек етіп, бүгіндері бейнетінің зейнетін көріп жүргендер аз емес. Бірақ, олардың арасында коммунистік партияға адалдығын сақтап қалғандары санаулы. Сол санаулылардың арасында байырғы теміржолшыларға жақсы танымал Дауылбай Бекмырзаев пен Құрбанәлі Ергешов бар.

Бүкіл саналы ғұмырын локомотив депосындағы қызметке арнаған  Құрекең мен стансаға бағыштаған Дүкең төл мереке қарсаңында Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясының естелік сыйлығымен, грамотасымен марапатталды. Оны Арыс ҚХКП-ның қалалық комитетінің 1-ші хатшысы Жолдас Аймаханбетов тапсырды.

 

Ж.Аймаханбетов

(«Арыс ақиқаты» газетінде жарияланған)

Яндекс.Метрика