Home » Партийная жизнь » Тіл тағдыры, ұлт тағдыры…

Тіл тағдыры, ұлт тағдыры…

атты Тілдер күніне орайластырылған шағын футболдан достық кездесу өтті.

22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні. Аталмыш мерекеге орай 20 қыркүйек күні Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің төрайымы Нұғманова Гауһар Кокенқызының қолдауымен   шағын футболдан кездесу өтті. Бұл игі шараға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  Жастар одағы қанатының мүшелері қатысты.

Төрт командадан құрылған балалар тобы ойынның басталуынан бастап-ақ өздерінің футболға деген құштарлықтарын көрсете білді.

Бірінші таймның ортасында “Жастар Одағы” командасы есеп ашты. Сол екпінмен олар екінші голды таймның сонына дейін соғып үлгерді.

Екінші таймда “Шахтер” командасының белсенді мүшесі Бисембаев Нариман өзінің өнерпаздығын танытып,  команда есесін қайтаруға тырысып, қатарынан жастар одағы командасының қақпасына екі гол соқты. Ойынның соңында, “Жастар Одағы” мен “Шахтер” командалары тең есеппен аяқтады. Жеңімпаз командалар қанжығаларына бағалы сыйлықтар байлап, мадақнамаға ие болды.

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,-деп Жұбан атамыз айтқандай, мен де қазақ болып туғанымды абырой санап, қазақ деген атымды жоғары ұстауға әрдайым тырысамын. Басқа елдерде болсам да, Егемен Қазақстаннан келдім деп айтуға еш кемсінбеймін. Тәуелсіз ел болып, өзіміздің туған қазақ тілімізді дәріптеу дәрежесіне жеткенге өте қуаныштымын.  Бүгін футбол өткізіп, жастар арасында да салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар, дені сау ұрпақ болып өсуге өз үлесімізді қостық деп санаймын. Қалалық комитеттің төрайымы Гауһар Көкенқызына үлкен алғысымызды білдіріп, әрдайым бізге, жастарға қолдау көрсетіп, өмірдегі жолымызды тауып, қол жеткізіп жүрген жетістіктеріміздегі ол кісінің үлесі зор» – деп Жастар одағының белсеңді мүшесі Нариман Бисембаев ағынан жаралғандай.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика