Home » "Коммунист Казахстана" » Құттықтау

Құттықтау

ҚКХП Жақсы аудандық комитеті Ахметбеков Жамбыл Аужанұлын партияның V кезектен тыс съезінде ҚР Президентіне үміткер болып сайланғанымен құттықтайды!

Саяси күресте абырой мен қайраткерлігі биіктен көрініп, сайлауда жеңіске жетуін тілейді. Және  төменгі ән-шашуды жолдайды:

Құтты болсын, қатысуың жарысқа,

Ел басшыға үміткерлік сайысқа.

Жеңіл емес саған деген тапсырма

Қорықпа сен, Нұрекеңнен қайыспа!

Жеңесіңбе, жеңбейсіңбе, кім білер?

Сені қолдар партияның бар-тірегер!

Жасқанба сен бұл күресте, бауырым,

Қадамыңды біз қолдаймыз, сене бер!

Қабыл алған ақ батасын қауымның,

Мықты жібі үзілмесін бауыңның!

Бұл қадамың нұрға толып, шат берсін,

Ел тағына қонатын бол, бауырым!

Президентке жетер болсаң, тоя біл,

Ашуыңды қоғам үшін қоя біл.

Егер, Жамбыл, Ел тағына отырсаң,

Алдыменен, коррупцияны жоя біл!

Мұхамедия Сәдібекұлы, ҚКХП Жақсы АК 1-ші хатшысы

Яндекс.Метрика