Home » Партийная жизнь » Халықаралық қатынасты нығайту

Халықаралық қатынасты нығайту

Үстіміздегі жылдың 2 шілде күні Астана қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері және  Қытай, Куба республикаларының  төтенше және өкілетті елшілері Чж.Ли және А.Феррер, және Вьетнам Республикасы елшілігінің кеңесшісі Чан Хиеппен достық кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ОК хатшылары В.Косарев, Ж.Ахметбеков, Т.Кенжин әрі Бюро мүшелері А.Қоныров пен М.Магеррамов қатысты.  Кездесу барысында әлемдік экономика және саясат жайлы, Вьетнам, Қытай және Куба елдерінінің коммунистік партияларымен ары қарай қарым-қатынасты дамыту жайында әңгіме өрбіді.

Кездесуге қатысушылар ары қарай жемісті ынтымақтастықты орнатуға қызығушылықтарын танытқан сынайлы.

Қытай Халық республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чж. Ли Қытай коммунистік партиясының  алдағы болғалы жатқан құрылтайына әзірлік жұмыстар жайлы, республикадағы космосқа қатысты жетістіктерді атап өтіп, және де экономиканың қарқынды дамуы туралы тақырыпты тыс қалдырған жоқ. Сонымен қатар, елшінің хабарлауы бойынша қытай комммунистерінің жағынан  қазақстандық коммунистерге Қытай астанасы Пекинге арнайы шақырулар дайындалып жатқанын атап өтті.

Куба елінің төтенше және өкілетті елшісі Абелардо Феррердің сөзінде, өзінің осы лауазымында қызмет ету уақыты барысында Қазақстан коммунистерімен тығыз қарым қатынаста болып, олардың  танытқан жылы шырайларына алғасын білдіріп жатты.

Въетнам елінің елшілігінің кеңесшісі Чан Хиеп кездесуге мұрындық болған Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдеріне алғысын білдіріп, ары қарай жақсы қарым қатынаста болып, партияның одан әрі дамуына сенім білдірді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  өкілдерінің жауапты сөздерінде достық елдердің елшілеріне кездесуге келгендері үшін алғыстарын білдіріп, арадағы қарым қатынастың жақсы үрдісте дамып келе жатқанын атап өтіп, Куба, Қытай және Въетнам елдерінің дипломатиялық корпустарымен қатар коммунистік партиялар арасындағы қатынастың  одан әрі нығайып әрі дамуына  сенім білдірді.

ҚКХП ОК баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика