Home » Депутаты от КНПК » Қымбатты отандастар!

Қымбатты отандастар!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Еліміздің тыныштығы мен бірлігімізді сақтаған бүкіл отандастарымызды шын жүректен наурыз мерекесімен құттықтап, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілейміз. Ұлыстың ұлы күні барлығымызға құтты болсын! Табыстарымыз мол, достығымыз бен бірлігіміз ұзағынан, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

«Халық коммунистері» фракциясы

Яндекс.Метрика