Home » "Коммунист Казахстана" » ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ САЙЛАУДА І-ОРЫНДЫ АЛҒАН «АТАЖҰРТ» ПАРТИЯСЫ ПАРЛАМЕНТТІК АЗШЫЛЫҚТА ҚАЛУЫ МҮМКІН

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ САЙЛАУДА І-ОРЫНДЫ АЛҒАН «АТАЖҰРТ» ПАРТИЯСЫ ПАРЛАМЕНТТІК АЗШЫЛЫҚТА ҚАЛУЫ МҮМКІН

18 қазан 2010 жылы

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Александр Князев мәлімдеді.

Парламенттік сайлауда электораттың басым дауысына ие болған өзге төрт партия Бакиев жақтастары «Атажұртпен» коалиция құруға құлықсыз. Алдын-ала болжамдар бойынша, бес партияның әрқайсысына 20-дан 30 орынға дейін тиеді. Қандай да бір шешім қабылдау үшін 60 қосу 1 дауыс болса жеткілікті. Ал министрлер кабинетін тағайындап бюджетті бекіту секілді маңызды мәселелерде халық қалаулыранының үштен екісінің қолдауы қажет.

Бүгінгі таңда кім-кіммен өзара мәмілеге келіп, парламенттік коалицияны құрады деген сауал өзекті. Қырғыз Республикасының Конституциясына сәйкес Заң шығарушы орган алғашқы отырысы өткеннен кейінгі 15 күн ішінде премьер-министрдің кандидатурасы мен минстрлер кабинетінің құрылымын бекітуі тиіс. Өйтпеген жағдайда Президент Роза Отынбаеваның Парламентті таратып, жаңа сайлауды жариялауға құқы бар. Сарапшы Александар Князев Феликс Куловты премьер-министрлікке лайық тұлға, – дейді. Ал Өмірбек Текебаевтың парламенттегі тәжірибесі спикер лауазымын абыроймен атқаруға мүмкіндік береді деген ойда саясаттанушы.

Қырғыз қоғамы Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия жетекшілерінің өзара келісіміне үмітпен қарайды. Өйткені жаңа сайлау қыруар шығын әкеледі. Бұған қоса партиялардың арасында саяси жанжал туындау қаупі де бар.

Александр Князев, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:- Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы, «Ар-Намыс», «Республика» немесе «Атамекен» партиясы болсын, «Атажұртпен» одақтасуға құлықсыз. Сол себепті сайлауда көп дауыс жинаған партия Парламенттік азшылықта қалуы мүмкін. Ал қалған төрт партия өзара келісімге келіп, республика үшін маңызды шешімдер қабылдау мүмкіндігіне ие.

Яндекс.Метрика