Home » "Коммунист Казахстана" » Қызылорда қаласының атауын өзгерту ұсынылды

Қызылорда қаласының атауын өзгерту ұсынылды

Қызылорданың көпбалалы аналары қалалық әкімшілікте “Алтын алқа” төсбелгілерін табыстау рәсімі кезінде қалаға жаңа атау беруін ұсынды, деп хабарлайды “BNews.kz” АА тілшісі.

“Жаңа буын тарихи атауы берілген қала – Ақмешітте өскені дұрыс болар еді. “Ақ мешіт” “қызыл ордаға” қарағанда әдемірек естіледі”, – деді жеті баланың анасы Күләш Байымбетова.

“Егер Қызылорда атауын өзгерту мәселесі жоғары деңгейде талқыланатын болса, аналардың қаланың атауын Ақмешітке ауыстыру ұсынысын да халық пікіріклері тізіміне міндетті түрде тіркейтін боламыз”, – деді қала әкімі Мархабат Жайымбетов “BNews.kz” АА тілшісіне берген сұхбатында.

Қаланың атауын өзгерту туралы мәселе бірнеше ай бойы жалғасып келеді. Ол облыстық орталық тұрғыны Әбілхан Енсегеннің қалалық газетке жазған ұсыныс хатынан басталған болатын.

“Менің ойымша, Қызылорда атауы өз маңыздылығын жойып, қазіргі тарихи дәуірге сәйкес келмейді. Қалаға берілетін жаңа атаудың тек бір ғана нұсқаныс ұсынбаймын, нұсқалар көп,  Яксарттан Тұранға дейін. Ең бастысы, мәселе қызу талқыға түсті, яғни біздің адамдар саяси белсенді және туған өлкесінің тағдырына бейжай емес”, – деп өз пікірін білдірді Ә. Енсеген.

Яндекс.Метрика