Home » Кызылординский обком » Қызылордалықтар жиын өткізуде

Қызылордалықтар жиын өткізуде

Желтоқсан айының 14-ші жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа обком және райком мүшелері қатысты. Жиын мақсаты ҚКХП Сайлауалды тұғырнамасы және бағдарламасынан туындайтын жергілікті партия комитеттерінің міндеттері туралы. Сонымен қатар жиынға жиналғандар аудандардан ұсынылып отырған кандидаттар тізімімен таныс болды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мәжіліс депутаттығына Мыханова Айман Санибековна, ал аудандық маслихаттар депутаттығына: Аралдан – Жулдасбаев Марат Алиевич, Қазалыдан – Өксікбаев Шамсуддин Намазұлы және Жалағаштан – Махатова Ақшагуль Такировна ұсынылды. Жиналысты Қызылорда обкомының І-ші хатшысы Досаев Жұмабек сөз сөйлеумен ашты. Содан кейін ІІ-ші хатшы Опабекұлы Жүрсін өзінің ретінде сөз сөйлеп, үгіт-насихат тобының жетекшісі Досмаханова Мөлдір сайлау науқаны кезіндегі жасалынатын жұмыстармен таныстырып өтті, әрі қарай біздің заңгеріміз Жұмабаев Серікбай сайлау кезінде болатын заңға қайшы келетін жағдайларды айтып, заң жүзінде болатын сайлау алды кезеңінің келеңсіздіктерін айта кетті. Шиелі, Жаңақорған және Қармақшы аудандарының жаңадан сайланған І-хатшыларына парт билет табысталды. Жиналыс барысында қойылып отырылған сұрақтар біздің тарабымыздан өз жауабын таба отырды. Ісіміздің  нәтижесі жемісті болар деген үмітпен, сайлауда жұмыла жұмыс жасаймыз деген ниетпен кандидаттарға ақ жол, ал партияға сәттілік тілей тарқастық.

Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының

Қызылорда облыстық  комитетінің баспасөз хатшысы

Жунусова Майра

Яндекс.Метрика