Home » "Коммунист Казахстана" » Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай…

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай…

Семей сынақ полигонының жабылғанына осы жылы 20 жыл толады. 450-ден аса жарылысты басынан кешкен Семей әлі күнге шейін қалпына келер емес. Халқымыз сол жылдардың зардабын әлі күнге тартуда, дүниеге келген ұрпақтардың арасында ақыл-ойы, дене мүшесі кемсін туатындары әлі де көптеп кездеседі.

Қазақстан 2009 жылы 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде ұсынды. Бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірауыздан қолдаған болатын. Бұл Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан үлкен үлесі.

“Тәуелсіздігімізді алғаннан бері, басқа мемлекеттермен бірге ядролық қарусыздану мен оны таратпау туралы белсенді атсалысудамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және көптеген мемлекеттермен бірлесе отырып ядролық қарудан азат жерді қалыптасытруға бар күшімізді саламыз, жаһандық қоғамдастықты ядролық сынақтарға жаппай тыйым салуға барша мемлекеттерді шақырамыз”, делінген еліміздің сыртқы істер министрлігінің осы жылғы мәлімдемесінде. Бұл мәлімдемені біздің барша халқымыз зор ықыласпен қолдайды.

Екібастұз ҚКХП қалалық жастар комитетінің мүшесі Жаминова Әмина

Яндекс.Метрика