Home » Партийная жизнь » Зардабы жылдарға созылған полигон қасіреті

Зардабы жылдарға созылған полигон қасіреті

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні де аталып өтті. Қазақстан елі, әсіресе Семей сынақ полигонымен бүкіл әлемге аты шықты, әрине «қуанышты» атақпен емес.  Аталмыш полигонды жабуға шешім қабылданғалы күнге, міне 20 жылдың аясы болып қалды.   Ядролық полигон дейтін зұлматтың зардабы әлі күнге айықпай келеді.  Кезінде 490-нан артық жарылысты басынан кешкен Семей өнірінің жұршылығы түрлі ауруға шалдыққан күй кешуде.  Адамға ең қымбаты өзінің денсаулығы ғой. Бұл енді бұрыннан бар өткір мәселе. Бірақ жерге салынған жара, елге жайылған удың зары мен жыры жуық арада аяқталмайтыны да анық, өкінішті – ақ. 20 жыл деген ол халық ұрпағы үшін тым аз уақыт, ел жүз жылда жанарады дегенді еске алсақ.  Тәуелсіздік жариялап, Семей полигонын жабуға бел будық, бірақ оның салдарымен күресу жолы нақты жолға қойылмаған іспетті. Әрине, полигон зардабына ұшыраған науқастарға дұрыс емдеу ісін ұйымдастыру – да үлкен мәселенің  бірі. Сынақтың зардабын шеккендерге көмек көрсету туралы Заң да қабылданды, бірақ ол Заңның шетіне легудің өзі де оңайға түсетін жағдай емес. Онсыз қасіреттің тауқыметін тартып жүрген халық, Заң бойынша қажетті «ойға сыймас» құжаттың тізімін жинақтағанша да мемлекеттің көмегінең қажетсіз болып қалатын жағдайлар аз емес.                                                                                      Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде ұсынды. Бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымы бірауыздан қолдап, Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан үлесі ретінде таныды. Атап өткеннің өзінде, бәріне мәлім өткір мәселелерді қағаздан қағазға көшіріп, оларды атап өтуден шаршамайтын шенеуніктердің мәселемен таныс екенін ғана білдіретін секілді. Өкінішке орай, бір ұрпақтың мерзімімен ғана шектелмейтін алапат зұлым полигонның салдары талай адам тағдырын ойсыратпақ күйде.

Жаминова Әмина,

ҚКХП  Екібастұз қалалық жастар комитетінің  мүшесі

Яндекс.Метрика