Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Жаңа бастамаларды қолға алу

Жаңа бастамаларды қолға алу

11-қаңтар күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті кезекті жаңа басталған жылдың жиналысын өткізді. Жиын барысында қалалық хатшылары мен аудан хатшылары бас қосты. 2013 жылдың жаңа жоспарын бекітіп, сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылатындығын айтып өтті Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ардагерлер кеңесінің және бақылау комиссиясының төрағасы Жәукен Хайырлыұлы Көшенов ардагерлер қоғамын құрып, жаңа жоспарымен таныстырды. Партия қатарын көбейту, газет – журналға жазылу басты міндетіміз деді. Және Қазақстанда зейнеткерлiкке шығу жасы өсе ме, жоқ па деген сұраққа нүкте қойылған жоқ. Алдағы уақытта әйелдер зейнеткерлiкке 63 жастан шығады деген сыпсың сөз әлi жүр ел арасында. Бұл тақырып туралы да көз қарастар айтылды. Жастарды жұмысқа орналастыруға қол ұшымызды беру, еңбекке баулу – деді бір топ коммунистер.

 

 

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика