Home » Партийная жизнь » Жақыныңа жәрдемдес!

Жақыныңа жәрдемдес!

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел. Алайда, былтыр Қазақстанда 1200 ана өз баласынан туа сала бас тартып, тастап кеткен. Астанада бейкүнә бүлдіршінінен безінген көкек аналардың саны 150 отыр. Бүгінгі қоғамның бұл дертіне «жетім көрсең жебей жүр» деген ата баба өсиетіне берік компартия да қал-қадырынша қолдау көрсетіп келеді. Осыдан бірер күн бұрын компартия мен оның көшбасшыларының бірі, Жамбыл Ахметбековтің «Мирас- А» қоғамдық қоры» қайырымдылық қорының мақтау қағазымен және алғыс хатымен марапатталуы – осының айғағы.

Компартия қорға құрылған күнінен бері қол ұшын беріп келеді. Бірігіп бітірген соңғы шаруа – «Шырылдаған сәбидің тағдырын ойла, қайырымды болсаң еліңді ойла» атты қайырымдылық кеші болатын. «Бұл жоба тастанды балаларға арналды. Қазір қаладағы үш перзентханамен жұмыс жасап жатырмыз. Анасы баласынан безінгенде бірден бізге хабар береді. Басым бөлігі – бесіктен белі шықпаған, қара көз бойжеткендеріміз. Ойнап жүріп от басып, қарабет атанғандардың барар жері, басар тауы қалмаған»,- дейді Серік Жүзбай. Қор бір жылдың ішінде қырықтан астам сәбидің тағдырын арашалапты. Яғни көкек аналар мен көкек әкелердің отбасын құруға сеп болған. Одан қалса, жаза басқан бойжеткендерді безбүйрек ана атанып, өмірінің соңына дейін өкіндіретін қадамнан қорғап, әке-шешесімен табыстырған. Тіпті болмағандарын өз қамқорлықтарына алған. «Қазір бірнеше қызға пәтер жалдап бердік. Баланың тамағы мен киімін тауып беріп отырмыз. Бұған қоса, заңдық және психологиялық көмек көрсетіп жатырмыз. Ақша демеушілерден алынды. Олардың арасында ҚКХП де бар. Партия қор құрылғаннан бері қол ұшын беріп келеді. Жамбыл Аужанұлы сияқты жанашыр азаматтар бізге бұдан кейін де белсенді көмектеседі деген үміттеміз және алғысымызды білдіреміз. Алдағы саяси аламанда ат оздыруға тілектеспіз », – дейді Жүзбай Серік.

ҚКХП републикалық сайлауалды штабтың баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика