Home » "Коммунист Казахстана" » Жарқын тұлға

Жарқын тұлға

Еліміздің аса көрнекті ғалымы, тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және бірінші президенті, Қазақстанда геология ілімін өркендетуге зор еңбек сіңірген, ҚКСР-дың кен байлығын зерттеуші ірі совет ғалымы, алғашқы алгебра оқулығының авторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі біздің елде жылда ерекше аталады. Қазақстанның жер асты қазына байлығын ашу жолындағы орасан зор табыстары мен ғылыми тамаша еңбектері – біздің Қазақстан ғана емес шетел мамандарының да зор қолдануына ие болған. Оның бізге, болашақ ұрпағына қалдырған мәңгі өлмес асыл мұрасына баға жетпейді.

Қаныш Сәтбаев түрлі саланың ғалымдарымен өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білген, сол ғылымды дамытуға зор үлес қосқан. Жас ғалымдардың өсуіне жол сілтей білген Қаныш Имантайұлы – теңдесі жоқ ғалым.

Қаныш Сәтбаев – өте зор дарын иесі. Ол – Шығыстан шыққан тұңғыш президент-ғалым. Бүкіл әлем оны Орталық Азияның ең бірінші металлогениялық болжау картасын негізін салғандығын мойындады. Тамаша ойшыл-ғалым, әрі ірі мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы көзі тірісінде шексіз даңқ пен атаққа бөленді.

Академик Сәтбаев дүниеден қайтқан жылы оның геолог әріптесі, ғылым докторы, профессор В.С. Коптев-Дворников былай деген: «Ол артына үш түрлі ұлы игілік қалдырып кетті: Жезқазған – бір, Қазақстанның Ғылым академиясы – екі, Геологиялық ғылымдар институты – үш… Мұның үшеуін де ғалым, коммунист, геолог, қазақ халқының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев іргесін қалаған жақсы істі әрі қарай дамыуға құлшынған жүздеген адамдар еңбек етеді…» Осындай белгілі тұлғалардың өзімнің атам жайлы айтылған жылы лебіздері, зор бағасы әрдайым жүрекке жиі жиеді.

«Ғалымның хаты өшпейді, данышпанның аты өлмейді» деген халық сөзі тегінде ұлағат-өнегесі дара, артында асыл нұсқалар қалдырған даналарға арналған. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та бүгінде қазақ елінің тарихында, рухани өмірінде өзгеше орын алатын шоқ жұлдыздар санатында аталады.

ҚКХП Екібастұз қалалық комитетінің мүшесі,  Жаминова Амина

Яндекс.Метрика