Home » "Коммунист Казахстана" » Жас коммунистердің жаңа қадамы

Жас коммунистердің жаңа қадамы

14 – қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті колледж студенттерін өз еріктерімен комсомол қатарына, партия мүшелігіне қабылдады. Политтехникалық, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледждерінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері және партия ардагерлері, «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының мүшелері қатысты. Алғашқы сөз кезегін Атырау облыстық бақылау комиссиясының төрағасы Жәукен Қайырлыұлы Көшеновқа берілді. Бүгінгі жастарға өткізіліп отырған жиынның мәні жастардың отан сүйгіштік қасиеті болу керек, тәртіпке, еңбек қорлыққа баулу бағытында ұйымдастырылған жастар одағы. Қазіргі заманның саясаты басқа, қазіргі жастарға тек оқып, білім алу керек. Сонда ғана мемлекетпен бірге өркендейді.

Жиын барысында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына тоқталды. «Ел болашағы жастарды еңбексүйгіштікке баулуымыз қажет, қазіргі таңда жастардың көбі қоғамдық қатысуға енжарлық танытып жатады. Елбасы еліміздегі жастар саясатына үлкен қолдау көрсетіп, жастарға барлық жағдайды жасап отыр, тек жастарымыз ерінбей еңбек етсе», – деген ойын жеткізді. Содан кейін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің жастар қанатының лидері Дәулет Ерболатұлы Жанияров сөз алды.

Осылайша елбасы мақаласы ортада талқыланып жиынға қатысушылар өз ойларын қосып отырды. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Жұмажан Серікбайұлы Үмбетжанов жас коммунистерді партия қатарына қабылданғалы отырған жаңа қадамдарымен құттықтап, келген қонақтарға лебізін білдірді. Партиямыздың қадірлі ардагері белгілі қаламгер Манап Абдрахимов жас комсомолдарға өткен өмірдің белестеріне тоқталып, аталық тігегін жаудырды. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы 25 студентті партия құрамына қабылдап, жас коммунистерге партия билеттері мен төс белгілерін және партия атынан дайындалған сыйлықтарын табыс етті.

Партияға өз еркімен мүше болуға ниет білдірген жаңа идеяларды қолдаған халық арасында жазылып жатырған тұрғындар саны артылып келеді. Сонымен қатар, қатарымыз жас комсомолдармен толысуда. Бұлда біздің партиямыздың жетістігі деп білеміз. Жиын соңында жастарға арналған дастархан жайылды.

 

 

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика