Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Жастар алға өрлейді

Жастар алға өрлейді

Жақында Алматы қаласында «Zhascamp-12» атты неформалды конференциясы болып өтті. ZhasCamp – Қазақстан жастар ұйымдарының мүшелеріне және жас белсенділерге арналған (бей) конференция. Бұл конференцияға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті жанындағы комсомол жастар қанатының мүшесі Жанияров Дәулет Ерболатұлы партиямыздың жұмыстарын таныстырып, қатысып қайтты. Осы жылы «Zhascamp-12» Халқаралық «ІТ» университетінде өтті. Онда Қазақстанның барша елдерінен ең үздік студенттері, үкіметттік емес ұйымдардың мүшелері және сонау шетелден Польша, Қырғыстан, Ресей мемлекеттерінен қатысты. Комсомол жастар қанатының белсенді мүшесі ретінде өзімнің жұмыс жасаған тәжірибемен алмасып олармен бірлесе жұмыс жасауға ұсыныстар алдым,-дейді Даулет Жанияров.

 

 

Мадина Мамбеталиева

Атырау

Яндекс.Метрика