Home » Западно-Казахстанский обком, Партийная жизнь » Жастар мәжілісінің жиналысы

Жастар мәжілісінің жиналысы

29 қаңтар күні Орал қаласында облыстық жастар мәслихатының кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш отырысқа ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жастар қанатының мүшесі әрі жастар мәслихатының депутаты Шынарай Мергенғалиева қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:

Ең алдымен өзекті мәселелердің бірі болып табылатын Тіл мәселесі.

Мемлекеттік тіл- қазақ тілін одан әрі дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет жөнінде.

Орал қаласындағы дарынды жастарға арналған «Жастар үйі» жөнінде мәселені Манарбек Малкенжарұлы тілге тиек етті.

Орал қаласындағы «Бәйтерек» сынды мүгедек балаларға көмек көрсету ұйымдарының жұмыстарына қосымша Орал қаласындағы ірі-ірі деген сауда үйлеріне (айта кететін болсақ Азиза,Универмаг) қайырымдылық жәшіктерін орнату.Ол жәшікке қалтасы көтерген әрбір адам өз мүмкіндігінше қаражат сала отырып жас мүгедек балаларға көмек қолын соза алады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы қалайша іске асырылып жатқаны туралы және осы бағдарлама аясында туындайтын мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

Отырыстың тоқ етері ретінде Бөрлі ауданындағы «Жасұлан» қоғамдық бірлестігі, Зеленов ауданындағы қоғамдық бірлестіктердің атқарып жатқан іс-шаралар барысы талқыға салынды.

 

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы У. Калымбетов

Яндекс.Метрика