Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Жастар – салауатты өмір үшін

Жастар – салауатты өмір үшін

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті Жастар күні мерекесіне және 15-тамыз Спорт күніне орай «Жастар – салауатты өмір үшін» атты қол алысып күш сынасу қарсыластар бетпе-бет отырып, шынтағына тіреген қолдарын жығуға тырысатын жекпе-жек спорт ойын түрінен жарыс өткізді.

«Жастар – салауатты өмір үшін» атты шерудің басты мақсаты қала жастарын мерекелерімен құттықтап, ұйымшылдыққа үйретіп, патриоттық сезімге баулу. Шараның негізгі мақсаты: жастар күніне орайластыра  жастарды спортқа тарту; салауатты  өмір салтын насихаттау; бұқаралық спортты дамыту. Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі жастардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтанда, жастар дені сау болып, сапалы өмір сүру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек деді алғаш сөз алған ұйымдастырушы топтың басшысы әрі ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев. Спорт ойынына 70-ке жуық жастар қатысты. 60, 65, 75, 80 салмақты категория бойынша күш сынасты.Бұл жарыста жеңіске жеткендер бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Солардың ішінде 60 салмақты категория бойынша І-орынды Фархат Қожантаев, ІІ-орынды Азамат Нұржанов, ІІІ-орынды Нұржан Қизбаев алды. 65 салмақты категория бойынша І-орынды Виталий Ивакин, ІІ-орынды Фархат Сарсамбиев, ІІІ-орынды Айбат Мустафин алды. 75 салмақтағы қатысушылар арасынан жеңіске жеткен І-орынды бірнеше рет Азия чемпионы атанған Атыраулық спортшы Мұрат Әбуталиев, ІІ-орынды Александр Попов, ІІІ-орынды Уәлихан Қошанов алды. Жоғарғы 80 салмақты катергория бойынша І-орын Александр Максин, ІІ-орын Аманбек Бижанов, ІІІ-орын Дастан Байсымақовтарға бұйырды. Жеңіс құтты болсын, жас спортшылар!

 

 

Дайындаған:

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы Гүлжан Инжелова

27.08.2013ж.

Яндекс.Метрика