Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Жастар әскер қатарында

Жастар әскер қатарында

Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының бірлескен Үйлестіру Кеңесінде 30 наурыз 2012 жылғы № 1 «Отан қорғаушы – 2012» және әскери қолтаңбалы көп сайыс жарысының Ережесін іске асыру мақсатында, Батыс аймағының әскери прокуратурасы және Атырау гарнизонының әскери органдарының біріккен (Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаменті, «Батыс» өңірлік әскерлер қолбасшылығы, ҚР IIM IӘ 5546, ҚР ҰҚК ШҚ 2201 «г» және 2016әскери бөлімдері 2012 жылдың 24 қазан күні «День призывника» атты Атырау облыстық әскери – патриоттық клубтар арасында және № 16,19,3,5,30 мектептері, Сервис, Құрылыс және энергетика, авикомуникация колледждері, сонымен бірге, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерін баулау арқылы, жастарды әскери – патриоттық бағытта тәрбиелеудегі іс шараларын іске асыру мақсатында, жергілікті атқару органдарымен бірлескен шара өткізілді.

Бұл шараның маңызы мен мәні болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеуге таптырмайтын бірден – бір тәрбие берудің жолы. Жасыратыны жоқ бұрынғы совет заманында осындай шаралар өте жоғары деңгейде тұратын және де оған мемлекет тарапынан зор үлеспен мән берілетін. Осындай шаралардың қазіргі мезгілде ұйымдастырылуы бүгінгі Қазақстан жастарын Отан алдында борышын өтеуге, өзінің ұрыстық рухын көтеруіне өте орынды және маңызы зор болып отыр.

Сонымен, аталған шара қалалық Жеңіс саябағында әскерилердің салтанатты шеруінен басталды. Салтанатты шеруге Атырау гарнизонында орналасқан ҚР ІІМ ІӘК 5546 әскери бөлімінің әскери оркестрі музыкамен сүйемелдеп, 41433 әскери бөлімнен ту тобы шақырылып, олар өз кезегінде жастарға жинаған тәжірибесін көрсету мақсатында салтанатты шеруді ту тобымен бастап жүрді.

Осы шараға, арнайы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы бастаған комсомол жастар қанатының мүшелері №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің оқушылары «Жас қыран» командасы да қатысты. ҚР ҚМ 41433 әскери бөлімі барлау ротасының жеке құрамы әскери жаттығулар көрсетіп, жастардың көңілінен шықты.

Аталған шараға жастарымыз әскери патриоттықтың не екендігін сөзбен емес, көзбен көрді. Бұл дайындықта жинаған тәжірибелері олардың алдағы өмірлерінде әсіресе әскер қатарында басқаларға қарағанда бір табан алда, бір бас жоғары болатындығына сенеміз.

Әскери патриоттық тәрбие – жауынгерлердің әскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Әскери

патриоттық тәрбие жауынгерлердің бойына жоғары имандылық, жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған.

Жастарды әскери қызметке шақыру елдің қауіпсіздігіне қатысты мемлекеттік маңызы бар іс. Сондықтан, шақыру науқаны кезінде мүдделі қызметтердің өзара ынтымағы мен тығыз байланысы маңызды,- деді алғаш сөз алған Атырау облыстық қорғаныс істері Департаментінің бастығы Ардақ Кукатов.

Әскери патриоттық тәрбиенің мән – мазмұны өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Әскери патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жастардың бойында жоғары елжандылық сана-сезімін, өз Отанына деген адалдықтың асқақ сезімін, Қазақстан Республикасы әрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті болып табылатын өзінің азаматтық борышын орындауға әрқашан әзір болуды қалыптастыру жөніндегі көпқырлы, жүйелі және үйлесімді жұмысы. Елбасымыз ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қарулы Күштер сан жағынан көп емес, ұтқыр және шынайы ұрысқа қабілетті болуы тиіс деп анықтап берген. Осыған байланысты, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болатындар ғана таңдалуда. Әскер қатарына алынғалы тұрған жас сарбаздарға сәттілік, ақ жол тілеймін! Еліне деген қамқорлық, сүйіспеншілік қасиеттері әрбір Отан қорғаушы ұланның бойына даритындығына еш күмәнім жоқ, – деді сөз кезегінде Қазақстан Қоммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің «Құрметті азаматы», «Батыр шапағаты» ордендерінің, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік қарулы күштерінің 20 жылдығы медалінің иегері Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев.

Содан – соң, сөз кезегі Ауған соғысының ардагері Тоқмамбетов Мұхамбетжан Әбуұлына берілді. Жауынгер жастардың бойындағы азаматтықты, елжандылықты дамыта түсуі жастардың бойында кәсіптік елеулі қасиеттерді, бұл қасиеттерді қоғамдық өмірдің әр саласында, әсіресе әскери және онымен байланысты басқа да мемлкеттік қызмет түрлерінде жарқырай көрсете білуі мен әзірлігін, бейбіт өмір мен соғыс уақыты жағдайларында конститутциялық және әскери борышқа адал болуды, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілікті қалыптастыру әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты болып табылады.

Шара барысында Жеңіс саябағындағы мәңгі алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі жасалды. Шара соңы Атырау обылстық мәдениет басқармасының дайындаған мерекелік бағдарламасымен жалғасты.

 

Гүлжан Инжелова

Атырау

Яндекс.Метрика