Home » "Коммунист Казахстана", № 26//12.07.2013 » Жазушы-фронтовиктер

Жазушы-фронтовиктер

Майданға барлығы аттанды – біліміне, кәсібіне, лауазымына қарамастан, кейбіреуі өзі сұранып барды.

Көптеген ақындар мен жазушылар да үстеріне шинель киіп, қолына қару алды. Олардың қаламдарының өткірлігі қуатты «Катюшаның» күшінен кем болмады.

Біздің Павлодар өңірінің өз еріктерімен майданға аттанған жазушы-фронтовиктері- Диқан Әбілов, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин, Всеволод.

Соғыс жылдары өзінің өткір өлеңдерімен солдаттарға қайрат, жігер берген, атақта ақынымыз Мұзафар Әлімбаевтың аты біздің облысқа ғана емес, бүкіл Қазақстанға әйгілі. Мұзафар –ата биыл 90 жасқа толады. Павлодардың Ертіс өңірінің тумасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Павлодар облысының құрметті азаматы, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әнұраны авторларының бірі.

Соғыс басталғанда, Қазақстан аумағында бірнеше ұлттық әскери біріктірулер құрастырылды. Солардың бірінің қатарына өз еркімен, он сегіз жасар комсомол Мұзафар Әлімбаев та алында. Қатардағы жауынгер, миномет батареясы командирінің орынбасары, танк бөлімі штабының офицері, Берлинге батарея саяси жатекшісі болып енді. Оның өлеңдері республикалық партия газеті «Социялистік Қазақстанда», Калинин және Волхов фронттары газеттерінде жарияланды. Соғыстан кейін де, көптеген жылдар бойы қазақстандақ жас өрендерге соғыс туралы өлеңдерін жазды.

Ал, жазушы-журналист Всеволод Иванов, Ұлы Отан соғысы жылдары «Известия» газетінде әскери корреспондент болып жұмыс жасаған. Ол Қызыл Армияның Берлинді азат ету ұрысына қатысқан. Рейхстагты алу операциясын өз көзімен көріп, ол туралы көптеген репортаждар, мақалалар жазған. Соғыстан соң 1945 ж. 20 қарашасынан 1946ж. қазанына дейін Всеволод Иванов, фашистедің соғыстағы қылмыстары қаралған, Нюрнберг процесіне, кеңес баспасөзі өкілі ретінде қатысқан. «Адам өлтіргендерді соттау» деген очеркінде, қылмыстардың ізін көру бір басқа да, ал қалмыскерлерді өз көзіңмен көріп, оларды жазаға тартуды көру, бір басқа, деп жазды. Всеволод Иванов өзін фашизмді ойсырата жеңуді көргеніне, Нюрнберг процесіне қатысқанына, бақытты санайтын.

Ұлы Отан соғысы шығармашылық өмірбаянының жаңа кезеңі болған тағы бір жазушы – Қалижан Бекхожин. Соғыстың алғашқы күнінен бастап, ол фронтта әскери тілші және саяси қызметкер есебінде қызмет жасады. Қалижан Бекхожиннің ол кездегі шығармалары адамдардың өлім мен өмір арасында арпалысқан қиян-кескі ұрыстардағы, оқиғаларға толы болды.; «Освенцум», «Партизан анасы», «Днепрде» және т.б. шығармаларында кеңінен суреттеледі. Соғыс кезінде Қалижан Бекхожиннің көптеген лирикаға толы өлеңдері жарық көрді. Оның шығармалары патриотизмге, шындыққа және кеңес халқының фашизмді жеңетініе толық сенімге толы болды. Қалижан Бекхожин қазақ ақындарының ішінде бірінші болып 28 гвардияшы-панфиловшылар –генерал Панфиловтың 316 дивизия жауынгерлері туралы жазған тұңғыш қазақ. Ол қазақ классикалық әдебиетінің қатарында тұрған ақын. Оның лирикаға толы өлеңдерін халық сүйіп оқиды. Ол Павлодар қаласының құрметті азаматы, ҚКСР –рі мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан халық жазушысы, оның туғанына биыл 100 жыл толған болар еді.

Өзінің шығармашылық ерекшелігімен көзге түскен тағы бір жерлесіміз, жазушы Қалмұқан Исабаев. Ол 1943 жылы армия қатарына шақырылады, 9 кластық білімімен соғысқа аттанады. Қалмұқан Исабаев бірінші күннен бастап-ақ өзінің «Өлім қыспағында» кітабына материалдар жинай бастайды, онда фашистік концлагелерде болған оқиғалар суреттеледі. Қалмұқан Исабаев есімімен қазақ әдебиетіне жаңа тақырып енді- ол алыс шетел тақырыбы. «Менің қазақ елім Германиядан алыста, тіпті әлемнің басқа бөлігінде орналасқан. Ол фашизмді бүкіл адамзаттың жауы деп танып, басқа әлем хзалықтарымен бірге күреске шықты, жауды жеңді. Бірақ менің кейбір жерлестерім, әр неміс – фашист деген теріс түсінікте болды. Мен неміс жерінде жүріп, олардың қателескендерін түсіндім. Немістердің бәрі фашист еместігін, олардың көпшілігі жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосқанына менің көзім жетті. Мен өз көзіммен нені көріп, нені естігенімді жазуға тиіспін…»

Тағдыр Қалмұқан Исабаевты оқтар мен снарядтардан аман алып қалды. Ол екінші Украин фронтына кіріп Румыния, Венгрия, Чехословакия жерлерін азат етуге қатысты. Ұлы Жеңістің 68-  көктемін көріп отырған жазушының қаламы ұштала берсін деген тілек білдіреміз.

 

 Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика