Home » Карагандинский обком, Партийная жизнь » Жезқазған мыс заводы жабылмайды

Жезқазған мыс заводы жабылмайды

Соңғы кездері Жезказғанның болашағы туралы алыпқашты әңгіменің көбейгені баршаға мәлім. «Завод жабылады,жөндеуге қойылады дегені жай сөз» деген желдей гулеген әңгіме көпшіліктің көңіліне қаяу түсіргені жасырын емес.

Әрине заводтағы ескі технологияның бүгінгі жаңа заман ағымына ілесе алмайтынын, заман талабына жауап бере алмайтынын түсінеміз. Бірақ «заводта 500 адам қалады, қалғандары бірлестіктің басқа құрылымдарында жұмыс істейді» деген уәжге көңіл толмай, жалақы азайса бала-шағаны қалай асыраймыз деген сұрақ көпшілікті аландатып еді. Сол сұрақтын жауабын осы айдың басында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, өңірлік даму министрі Б. Сағынтаев бастаған топ жауабын берді.    Жезқазған мыс заводы қайта құрылымдауға уақытша жабу кезінде бірде-бір адамның қысқартылмайтынын және жалақылары 100 пайыз төленетінін кесіп айтты.

«Надеюсь, что обещания столь высокопоставленных чинов будут выполнены. Народ – единственный источник власти, так гласит наша Конституция, об этом необходимо помнить всегда. Плачевно, что ситуацию не урегулировали сразу и все-таки довели людей до организации митингов. Наши товарищи будут и дальше следить за обстановкой в регионе.» – отметил Первый секретарь Карагандинского обкома Александр Зевахин.

 

С. Бәкірова

ҚКХП Жезқазған қалалык комитеті

10.07.2013 ж.

Яндекс.Метрика