Home » "Коммунист Казахстана" » Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қайта дайындықтан өте ала алады

Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қайта дайындықтан өте ала алады

–  Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен жалдамалы жұмысшылар «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыра алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

«Мемлекет басшысына тапсырмасын орындау үшін өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға, сондай-ақ жалдамалы жұмысшыларға қайта дайындықтан және біліктілігін арттырудан өтуге мүмкіндік беріледі, сонымен бірге жеке секторға қатысу мәселесі қарастырылатын болады», – деп хабарлады Г.Әбдіқалықова.

«Оқытудан өткен бағдарламаға қатысушы өздігінен жұмысқа орналасқан жағдайда жеке жоспары бойынша бағдарлама шеңберінде оқып бітіруге мүмкіндік беріледі. Яғни, ол өздігінен жұмысқа тұрғаны үшін әлеуметтік келісімшарт бұзылмайды, қайта шұғыл түрде оқытылады», – деп толықтырды министр.

Елімізде зейнеткерлік жас шегі арттырылуы мүмкін

Қазақстанда вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған зейнеткерлік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.

«Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда Елбасының халыққа Жолдауында зейнеткерлік жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныс жасау міндеттелгенін білесіздер», – деді министр бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

«Әзірге дөп басып, ештеңе айта алмаймыз. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін ұсыныс жасауымыз қажет», – деді ол.

Соңғы жылдары зейнеткерлік жас тақырыбы қазақстандық қоғам арасында жиі талқыланып жүр. Сарапшылардың кейбірі зейнеткерлік жас сөзсіз ұлғаяды деп есептейді. Сондай-ақ мұны өмір сүру ұзақтығының артуымен байланыстырады.

Қазіргі кезде елімізде зейнеткерлік жас әйелдер үшін – 58, ерлер үшін – 63 жасты құрайды.

Алматыда алимент өндіру мәселесі қаралды

Алматы қаласында алимент төлемегендіктен ата-ана құқығынан айырылғандар саны көбейіп келеді.

Былтыр ата-ана құқығынан айыруға байланысты 400-ге жуық іс қаралған. Бұл туралы қалалық прокуратура ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында айтылды. Жиынға Алматы қаласындағы қадағалау, құқық қорғау және сот органдарының өкілдері қатысты. Борышкерлер тарапынан алимент төлемеу бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр дейді мамандар.

Алматы қаласы сот актілерін орындау Департаментінің анықтамасына сәйкес 5 мыңнан астам іс атқарушылық құжаты орындалуда. Мамандар алимент өндіруде бірнеше кедергінің барын айтады. Ол жергілікті атқару органдарының арасындағы келіспеушілік пен бақылау тетігінің жоқтығынан. Екіншіден, борышкерлердің басым бөлігі жұмысы мен шынайы табысын жасырады. Бизнесін өзге тұлғаның атына тіркейді. Ал оларды мұқият зерттеуге маман тапшы.

Алименттен жалтарғандар тек мемлекет алдында ғана емес шариғат заңы бойынша да жауап береді дейді діндарлар.

Нұрмұхамед ИМИНОВ, АЛМАТЫ Қ. ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:
-Шариғатта қарыз деген ол үлкен бір ауыр мәселе. Адам деген осы дүниеде бір адамға қарыз болатын болса ислам діні сол қарыздарды өтеуге, қайтаруға шақырады. Өйткені адам осы дүниеден қарызбен кететін болса о дүниеде жазасы ауыр болуы мүмкін. Адам өзінің баласына қарыз болатын болса, өзінің баласын асырамайтын болса қияметте де аллаһ-тағаланың сұрағы ауыр болуы мүмкін.

Қалалық сот актілерін орындау Департаментінде алимент өндірушілер секторы құрылған. Жол департаменті басқармасымен байланыста күшейтіліп келеді. Бұған қоса сот орындаушыларының «Бүркіт» жүйесі жұмыс істейді. Ол қарызын өтемегендердің шетелдерге шығуына шектеу қояды. Сондай-ақ қалалық прокуратура мемлекеттік қызметкерлер арасында алимент төлемеуге байланысты «Өзіңнен баста» атты арнайы акция жүргізуде. 150 сенім телефонына 7 күн ішінде 62 қоңырау түскен. Акция ақпан айының соңына дейін жалғасады. Әзірге деректер тіркелуде.

Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесі кеңейтіледі

Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етуді қаржыландыру сомасы ұлғайтылуда,

деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак . «2011 жылы вакциналар мен басқа да дәрілік заттарды сатып алуға арналған нысанды ағымдағы трансферттер аясында дәрілік қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын. 2012 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млрд. теңгеге дейін артады. Соған байланысты тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілмек», – деді Лариса Пак.

Қазақстандықтардың тегін дәрі-дәрмектермен стационарлық және амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етілетінін атап көрсеткен маман, стацицонарлық деңгейде дәрілік заттардың бір дистрибьютер арқылы сатып алынатынын айтты.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында 2012 жылдан бастап аурудың жекелеген түрлері бойынша диспансерлік науқастар да амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілетін болады», – деп атап көрсетті Л.Пак.

Лариса Пактың айтуынша, тегін дәрілік заттардың тізбесіне орфандық (сирек кездесетін) ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер кіріп отыр және онкогематологиялық, тромболитикалық препараттардың қатары кеңейтілуде.

ҮЙЛЕРДІ ҚАР БАСЫП ҚАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында бір апта болған күшті бораннан бүкіл елді мекен қардың астында қалды. Табиғаттың тосын мінензінен Шақпақ, Бестоғай және Жаңаталап ауылының тұрғындары да әбігерге түсіп жатыр. Бес күн бойы қар құрсауында қалған қараша халыққа көмек енді жетті.

Солтүстік- шысығыстан батысқа соққан Арыстанды Қарабастың желі бес күн бойы тоқтамаған. Салдарынан Бәйдібек ауданына қарасты Шақпақ ауылының елу шақты үйін қар басып қалды. Ал қардың биіктігі кей жерлерде бес метрге дейін жетіп отыр.

Естай Тоқпанбетовтің үйін толығымен қар құрсауында қалып қойды. Аптаға жуық отағасы алты баласымен бірге үйден шыға алмағанын айтады. Азық-түлік таусылып, аш құрсақ бола бастағанда ауданнан көмек келіп жетті.

ЕСТАЙ ТОҚПАНБЕТОВ – ШАҚПАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Ақ түтек боран. Қораны қар басып қалған. Отын судың бәр осының ішінде ғой. Үйдегі екі ересектеу балаларыммен терезеден кіріп қаппен тасыдық».

Дәл осындай жағдай ауылдағы 53 үйде болды. Тұрғындардың қора қопсылары мен үйлері қалың қардан көрінбеи қалған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тұрғындар қорадағы малдарын қолдан келгенше аман алып қалуға тырысып бағуда.

Яндекс.Метрика