Среда, 17 апреля 2019 15:05

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

Е.А. Біртановқа

Депутатттық сауал

Құрметті Елжан Амантайұлы!

Жуырда бағалардың мемлекеттік реттелуіне байланысты дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді пайдалану сұрақтарына қатысты  заңнамалық актілердегі өзгертулер мен толықтырулар өз күшіне енді. Бұл нормалардың басты мақсаты дәрі-дәрмектердің бақылаусыз қымбаттауын тоқтату болып табылады.

Коммунистер бұл мәселенің өзектілігін дәлелдеп отыр. Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2019 жылдың бірінші тоқсанында дәрі-дәрмектер бағасы 8,4%-ға қымбаттаған. Бұл тұтынушы бағасының жалпы  деңгейінен 1,7 есе артық. Баға өсу қарқыны бойынша дәрі-дәрмектер азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың алдына шығып отыр.

2019 жылы 16 сәуірде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері ШҚО сараптау және болжау институтының мәжіліс залында «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық ішкі саясат және білім басқармаларының өкілдері, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ аймақтық колледждердің ұстаздары қатысты.

16 сәуір күні Қызылорда облыстық комитетінің активі аймақтық ҚКЖО өкілдерімен бірлесіп, С.Сейфуллин атындағы №4 мектепте «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің өкілдері М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде "Мамандықпен танысу" акциясын өткізді.

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті мектеп оқушылары мен колледж және университет студенттері үшін «Дұрыс мамандық таңдау - адам өміріндегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта кездесу өткізді.

2019 жылдың 12 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде обком мүшелері Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі студенттерімен кездесті.

Страница 1 из 134

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.