12 желтоқсан күні ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы Жанат Бастаубаева Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге  Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Мейрамгүл Нұркеева, «Нұр Отан» партиясының Жастар қанатының төрағасы, информатика пәнінің оқытушысы Саламат Жанғақова, тарих пәнінің оқытушысы Әділбек Қыздарбеков қатысты. 

Среда, 12 декабря 2018 13:30

Қайырымдылық спектаклі

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына қатысты.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚКХП Астана қалалық комитеті 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана қ. Көпбейінді колледж студенттері үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов колледж студенттері мен оқытушыларын Президент мақаласының негізгі мән-мағынасымен таныстырып,   экскурсияның мақсаты өскелең ұрпақты еліміздің мәдени жетістіктерімен және қазақ жерінің тарихымен таныстыру екендігін айтты.

Вторник, 11 декабря 2018 15:04

Бірлескен партияаралық жұмыс

2018 жылдың 10 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының мәжіліс залында бейне байланыс жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асырылуын бақылау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Бұл күн БҰҰ бастамасымен 2003 жылдан бері аталып өтіледі. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыстық форум өтті.

ҚКХП Астана қалалық комитеті #скворечникчелендж челенджіне қатысты. Жуырда BTS ЖШС ұйымдастырушылық даму бөлімінің жетекшісі, Астана автоклуб альянсының төрағасы Шасалим Шагалимов қоғам назарын Астананың аязды күндері құстарға қамқорлық жасап, құстарға үйшік жасауға аудартты.

Страница 1 из 86

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.