Суббота, 01 июня 2013 18:47

ҚКХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫЛАРЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Ахметбеков Жамбыл Аужанович

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

 

Орталық комитетінің хатшысы

 

1961жылы 11 ақпанда Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

 

Білімі: Целиноград ауыл шаруашылығы институты, (ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті); Қазақстанның  менеджмент, экономика және болжау институты (1994), басқару факультеті.

 

Еңбек өтілі: Қорғалжын кеңшарының механигі (1983); Қаз ССР Компартиясы Қорғалжын аудандық комитетінің идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы (1987-1990); Қазақстанның ЛКЖО бірінші хатшысы (1990-1992); Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1992-1994); Ақмола облысы Қорғалжын аудандық әкімшілігінің жастар істері, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі (1994-1995); Қорғалжын аудандық әкімшілігің мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1995-1998); Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейінің әскери-физикалық дайындық бойынша директордың орынбасары, взвод командирі (1998-2001); аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері (2001-2005); Әкімдіктің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, бас маманы (2002-2005); ҚКХП Орталық комитеті аппаратының басшысы (2005-2007);

 

ҚКХП Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі (2007 жылдан);

 

ҚКХП ОК хатшысы (2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат (2011). Мемелекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрмет атақтары:

 

БЛКЖО ОК белгісі (1988); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012).

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бесінші шақырылымының депутаты (2012 ж. қаңтар айынан); «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

 

Үйленген. Төрт қызы бар.

_________________________________________________________________

kao-tri2-150x150Қоңыров Айқын Ойратұлы 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

Орталық Комитетінің хатшысы

1972 жылдың 28 қарашасында Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі ауылда дүниеге келген. Қазақ.

Білімі: Көкшетау мемлекеттік университеті (1997), орыс тілінде білім бермейтін мектептердегі орыс тілі мұғалімі;

«Фемида» Қарағанды заң академиясы (2005), заңгер-құқықтанушы.

Еңбек өтілі: Куйбышев ауыл шаруашылығы басқармасы Автобазасының темір шебері (1989); Кәсіпкерлік қызмет (1997-2004); «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» басылымының шығарылымы) (2004-2011); ҚКХП-ны құру бойынша Ұйымдастыру комитетінің мүшесі (2004); ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі (2007-2012); Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы (2005-2006); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер (2004, 2007); ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары (2007, 2011); ҚКХП республикалық сайлауалды штабының жетекшісі (2015, 2016).

 

ҚКХП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі

V, VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты  

«Халық коммунистері» фракциясының мүшесі

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер  бойынша комитетінің мүшесі

 

_________________________________________________________________

Легкий Дмитрий Максимович 

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

 

Орталық комитетінің хатшысы

 

1957 ж. Украинада дүниеге келген. Украиндық.

 

Тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры.

 

2008 жылдан ҚКХП мүшесі, ҚКХП Қостанай облыстық комитеті 1 хатшысы, 2009 жылдан 2013 жылға дейін «Социалистік бағдардағы Қазақстан ғалымдары» ҚБ облыстық филиалы төрағасы.

 

1975-1980 жж. Қостанай педагогикалық институтының тарих факультетінде білім алды. Ломоносов орта мектебінде тарих және қоғамтану мұғалімі болып қызмет атқарды, Қостанай облысы Бурабай ОКТУ-45 комсомолдық ұйымы хатшысы, сонан соң Қостанай педагогикалық институты комсомолдық ұйымының хатшысы орынбасары  болып сайланды. Кеңес әскері қатарында қызмет етті (запастағы офицер).

 

1984 жылдан Қостанай педагогикалық институтының тарих және заң факультеттерінде, сонан соң А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды, ғылыми-педагогикалық тәжірибесі 30 жыл. 1986 жылдан 1991 жылға дейін ғылыми тағылымдамадан өтіп, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацины қорғаған Саратов мемлекеттік университеті күндізгі аспирантурасында білім алды. 2002 ж. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқу тағылымдамасынан өтті. 2005 ж. тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацины қорғады. 2012 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінде тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қайта атестациялаудан өтті. Үш рет ғылыми жобаларды әзірлеу үшін, соның ішінде шетелде (Польша Республикасында) гранттар жеңіп алды.

 

Мерзімді баспасөзде оның барлығы 96 ғылыми-әдістемелік жұмысы, 240 мақаласы жарық көрді. Қазақстанның «3i», «Саясат», «Евразийское сообщество», «Идеи», «Мысль», «Вестник Западно-Казахстанского университета», «Вестник ЕНУ», «Вестник КарГУ», «Занзаман», «Галым», «Пилот», «Правовая реформа в Казахстане», Ресейдің «Отечественная история», «Вопросы истории», «Исторический архив», «Историографический сборник», «Освободительное движение в России», «Государство и право», «Основы государства и права», «Правоведение», «Право и политика», «Присяжный поверенный», «Проблемы права», «Современная высшая школа. Инновационный проект» атты 24 ғылыми және қоғамдық-саяси журналдарында басылған мақалаларын атап өту керек. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ «3i» журналының және «Идеи» республикалық журналының редакциясы алқасының мүшесі.

 

Соңғы үш жылдың ішінде (2010-2013 гг.) 34 ғылыми еңбек, соның ішінде 4 монография (2 бірлескен авторлықта) жазылды, яғни ай сайын баспасөз бетінде бір еңбек жарық көрді. Облыстық Ғылыми қоғамда білім алып жүрген жетекшілігіндегі екі оқушы 2010-2012 жж. «Өлкетану» секциясында облыстық және республикалық байқауларда дипломант атанды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның тарихи, саяси-құқықтық дамуы мәселелері жөнінде үнемі сөз қозғайды. Осылайша, соңғы үш жылда (2010-2013 гг.) «Коммунист Казахстана», «Костанайские новости», «Наша газета», «Наш Костанай» атты мерзімді баспасөз бетінде 110 мақаласы (яғни, бір айда 3 мақаладан ) жарық көрді.

 

2010 ж. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің грамотасымен (әскери ғылымдардың халықаралық диссертациялық кеңесі жұмысына қатысуы үшін) марапатталды. 2011 ж. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, М.В.Ломоносовтың 300-жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды ( «Российские учёные социалистической ориентации» ҚБ). 2012 ж. «Ғылым» номинациясында Қостанай облысы Жебеушілер клубының сыйлығы лауреаты. 2013 ж. Қостанай әкімінің грамотасымен марапатталды («Кустанайцы – герои тыла. Личный вклад» атты кітапты жазуға қатысқаны үшін).

 

Үйленген, қызы мен ұлы, екі немересі бар.

Прочитано 147 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.