Среда, 20 декабря 2017 15:15

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Коммунистер фракциясы еліміздің азаматтарын дәрі-дәрмектермен қамту, олардың сапасы мен қолжетімділігі мәселесін бұған дейін де көтерген болатын. Бүгін біз тағы да сол мәселеге оралып, тіндерді және ағзасын ауыстырған адамдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамту мәселесін көтеріп отырмыз.

Жуырда ағзаларын ауыстырған адамдардың мүдделерін қорғайтын ұйымдар мен денсаулық сақтау министрлігі арасында осы күнге дейін ағзасын ауыстырған науқастарға түпнұсқа дәрі-дәрмектер сатып алынады, ал трансплантацияны күтіп жүргендерге отадан кейін үнділік HeteroLabsLimitedUnit компаниясы өндіретін генеретикалық дәрі-дәрмектер ұсынылатындығы туралы келісімге қол жеткізілді.

Негізінде науқастарға бірден түпнұсқаны емес, сертификатталған және сапалы генеретикалық дәрі-дәрмектерді белгілеу бұл жалпы қалыптасқан тәжірибе. Алайда  бұл мәселеге қатысты бірқатар сұрақтар туындап отыр.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес мұндай науқастарға өмір бойы бір өндірушінің дәрі-дәрмектері ұсынылуы тиіс. Ал шын мәнісінде дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазанындағы №1729 Қаулысы, дәлірек айтсақ 85 т. басшылыққа алынады. Бұл құжатта тендер жеңімпазы төмен баға негізінде анықталады делінген. Осылайша тендерді төмен бағаны белгілеуші жеңіп алады, бұл әрбір тендер сайын науқастардың генеретикалық дәрі-дәрмектері ауысып тұрады дегенді білдіреді.

Енді үнділік HeteroLabsLimited компаниясына қатысты айтсақ. 2018 жылғы 290 лотқа сай иммуносупресорларды сатып алу ұтысын  осы компанияның генеретикалық препараты Микофенолат Мофетил 250 мг капсулалары жеңіп алды. Бұл компанияға қатысты шетелдік ақпарат ресурстарында 2017 жылдың 15 тамызында №320-17-46 ескерту-хаты жарияланған. GMP (Good Manufacturing Practic – Тиісті өндірістік тәжірибе) халықаралық сертификатын алу үшін үнділік HeteroLabsLimited  компаниясы  FoodandDrugAdministrationUS (АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы) тексерісінен өткен. Бұл ұйымның шешімі бойынша дайын дәрі-дәрмектерге қатысты Тиісті өндірістік тәжірибенің бірқатар ережелері бұзылған. Хатта өндіріс әдістері мен үдерісі, өндіру орны, өндіріс үдерісін және дайын дәрі-дәрмектерді бақылау әдістері Тиісті өндірістік тәжірибеге сай емес делінген. Компания құралдарға да тиісті тазарту жасай алмаған және құралдарды тазалықта сақтау жұмыстарын жүргізе алмаған. Егер бұл ақпарат шындыққа жанасса, мұндай кемшіліктерге жол берген компания тендерге қалайша қатысып отыр және неге бұл компанияның дәрі-дәрмектері трансплантациядан кейін науқастарға белгіленеді. Бірыңғай дистрибьютор тендерінің нәтижесі бойынша бұл өндірушінің дәрі-дәрмектерін жеткізуші болып «КазСибФармацея» ЖШС белгіленді. Бұл фирма туралы да отандық ақпарат ресурстары материал жариялаған болатын. Тендерге қатысушы және жеңімпаз компания «СК-Фармация» ЖШС-нің сыбайлас-жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар «КазСибФармацея» ЖШС және «Зерде» ЖШС болып шыққан. Екі компания да СК-Фармация басшылығының қазақстандықтарға дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқыру әрекетіне қатысты болып отыр. «КазСибФармацея» ЖШС директоры қамауда отыр, «Зерде» ЖШС атқарушы директоры да ұсталынған. Бұған қарамастан екі компания да онлайн-сауда-саттыққа қатысады. Ұйымдастыру және сауда-саттықты өткізу ережелері  бойынша жеткізуші «алақол өнім жеткізушілер тізімінде» тұрмауы тиіс. Бұған қарамастан бұл екі компания ұтысқа жіберіледі және оны жеңіп алады. Кейін «КазСибФармацея» мен «Зерде» арасындағы пинг-понг кезінде «КазСибФармацея» жеңімпаз атанады.

Премьер-министр мырза, бұл материалдар азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектермен қамту мәселесі бойынша  тексеріс жүргізуге негіз бола алады деп ойлаймыз.

Сонымен қатар Үкіметтің 2009 жылдың 30 қазанындағы №1729 Қаулысының 85 т. Баға және тендерлік өтінімдерді салыстыру  4-Параграфқа сай жеңімпаз төмен баға негізінде анықталады деген талапты қайта қарастыру қажет, себебі төмен баға шегінің жоқтығы демпингке жағдай туғызады, өйткені дженериктер бағасы заң бойынша түпнұсқаға қарағанда 40 пайызға төмен. Біздің ойымызша, адал бәсекелестік мақсатында өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің кейбіреулері тендерге сауда аталымы бойынша қатысуы тиіс деген толықтыру енгізу қажет.  Жеткізіп берушілер бір сауда аталымы аясында ғана бағаны төмендетсін. Немесе осы тармаққа өмірлік маңызы бар кейбір дәрі-дәрмектер мен онкология, трансплантация және т.б. сияқты нозология үшін ерекше жағдай енгізу.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                 

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова                                

Т. Сыздықов

20.12.17 ж. жарияланды

 

Прочитано 55 раз
Другие материалы в этой категории: Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.