Пятница, 29 декабря 2017 16:41

Қарағандылық коммунистер балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитеті «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы аясында 28 желтоқсан күні «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Бұл күні ертеңгілік ең кішкентай бүлдіршіндер үшін өткізілді. Жаңа жылдық киім киген балалар Аяз ата мен балалар үйінің қызметкерлерін және қонақтарды өздерінің өнерлерімен тәнті етті. Балалар үйінің директоры Светлана Буркеева алғашқы сөзді ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахинге берді.

- Құрметті балалар мен балалар үйінің ұжымы! Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын! «Құлыншақ» балалар үйінің әрбір қызметкеріне алғысымды айтқым келеді. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында тәрбиеленушілердің өнерлері ашылып жатыр. Көріп отырғанымыздай ең кішкентай бүлдіршіндердің өздері тақпақ айтып, би билеп, ән салуда. Сіздердің еңбектеріңіз оңай емес, сондықтан сіздерге мықты денсаулық, амандық, отбасыларыңызға шаттық тілеймін!

Кейін халық коммунистері балаларды сыйлықтармен қуантты. Алғыс ретінде балалар үйінің ұстаздары Александр Михайловичке балалардың қолдан жасаған ойыншық шыршаны табыс етті.

ҚКХП Қарағанды ОК

Прочитано 33 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.