Пятница, 29 декабря 2017 16:52

«Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясы Шымкентте

Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі таңда «Шапағат» халықтық жобасы бүкіл республикаға танымал. «Шапағат» мектепке дайындайды», «Шапағат» шахтерлар отбасы үшін» акцияларының қатары «Шапағат» жаңа жылмен құттықтайды!» акциясымен толықты.

Облыстық комитет активінің күшімен көпбалалы отбасынан шыққан 40 балаға жаңа жылдық сыйлықтар дайындалды. Сыйлықтардың жартысы Шымкент қаласының Техникалық лицейінде таратылды, ол жерде 5-7 сынып оқушыларына жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

Бақберген Айтбаев басшылық ететін лицей ұжымы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетімен ортақ іс-шаралар өткізуде ынтымақтасады.  Партиялық өмірге белсене қатысқандығы үшін Б.Айтбаев «Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы» медалімен марапатталды. ҚКХП обкомының бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов балаларды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Прочитано 29 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.