Пятница, 29 декабря 2017 16:50

КСРО: тарих беттері

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлерімен және партия белсенділерімен КСРО-ның 95 жылдығына орайластырылған кездесу өтті. Кездесуге ғалымдар, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлері, калалық комитеттің белсенділері мен мүшелері қатысты. Қалалық комитеттің партиялық ұйымдастыру жұмыстары секторының меңгерушісі Абзал Әуелбеков баяндама  дайындап, КСРО құрылуының негізгі кезеңдеріне тоқталып кетті:

- КСРО-ны құру 1917 жылғы Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін мүмкін болды. КСРО-ның құрылған күні 29 желтоқсан 1922 жыл. Бұл күні РКФСР, Белоруссия, Украина және Кавказ республикалары жаңа мемлекеттің құрылуы туралы келісімге қол қойған.   Ал 1922 жылдың 30 желтоқсанында І Жалпы одақтық Кеңестер Съезі  мұны мақұлдады. 1926 жылдан бастап КСРО-да алғашқы бес жылдық жоспардың нұсқалары құрастырыла басталды. КСРО қаржы халық комиссары Г.Я. Сокольников және ведомствоның басқа да мамандары басты мақсат ауыл шаруашылығын ең жоғарғы деңгейге көтеру деп санады.  Индустриализация ауыр өнеркәсіптің негізгі салаларын құрудан басталды. КСРО-да барлық елді электр қуатымен жабдықтаған аса маңызды ГОЭЛРО жобасы іске асырылды.

Кездесу қатысушылары арасында мазмұнды диалог орнатылды. Кеңестік құрылымның артықшылықтары мен кемшіліктері турасында пікірталас  жүргізілді.

ҚКХП мүшесі Гүлдана Нұрпейісова:

- Мен – кәсіби комсомол қызметкерімін, 1980 жылдан бері КОКП мүшесімін. Біз алпауыт ел КСРО-ның азаматтары болғанымызды мақтан ететінбіз. Шынайы мысал келтірейін, осы кездесуге қатысып отырған Доспаева Жанна. Ол бұрынғы қарапайым шаруа, Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін тегін білім алып, үш рет депутаттыққа сайланған Балғаным Доспаеваның немересі. Ол кездері біздің қойшылар толық әлеуметтік пакетке ие болған, алға жылжыған, өскен. КСРО-ның басты жетістігі – сауатсыздықты жойды. Жастардың кеңес кезеңінің тарихын білмейді.

Отырыста Ішкі істер органының ардагері Қабдолда Бекжанов және заң ғылымдарының кандидаты Николай Сверчков та сөз сөйледі. Іс-шара барысында ҚКХП АҚК бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов «Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы» мерейтойлық медалімен КСРО МҚК құрметті ардагерлері  Әбдумәлік Райымқұловты,  Андрей Антоненконы,  Қабдолда Бекжановты марапаттады. Өз кезегінде Қ.Бекжанов ҚКХП АҚК өзінің «Сыртқы барлау» атты жаңа кітабын табыстады. Кездесу соңында партияның жаңа мүшесі Қуанова Светланаға партия билеті табысталды.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 41 раз
Другие материалы в этой категории: Ауған соғысы туралы естелік »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.