Пятница, 29 декабря 2017 16:40

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан тәуелсіздігі күні мерекесін тойлау аясында ҚКХП Алматы қалалық комитеті «Алматы – тәуелсіздік бесігі» тақырыбымен балалар арасында сурет сайысын өткізді. Жаңа жыл қарсаңында сайыс қорытындысы жарияланды.

ҚКХП АҚК партиялық жұмыстарды ұйымдастыру секторының меңгерушісі Абзал Әуелбеков сайыс жеңімпазы И.Илиананы естелік сыйлық және алғыс хатпен марапаттады.

ҚКХП АҚК тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. 16 желтоқсан күні қалалық комитеттің активі мен жетекшілері ҚР Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою жалпы қалалық іс-шарасына қатысты. Сол күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов және екінші хатшы Лейла Төлеуғалиева Республика сарайында әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

Сонымен қатар коммунистер астананың құрылуы мен дамуына үлес қосқан азаматтарды «Астана – Ардағым» сыйлығымен марапаттау  салтанатына қатысты.

Өз кезегінде ҚКХП АҚК Жастар комитеті «Нұр Отан» партиясы мен  Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымымен бірлесе отырып тәуелсіздік күніне арнап жыр кешін  ұйымдастырды. Кешке мәслихат депутаттары мен Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшелері,  Қазақстан Жазушылар одағы қолдау көрсетті.  Іс-шараға этномәдени ұйымдардың өкілдері мен  ақындар қатысты. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері классиктердің шығармаларын неміс, орыс және қазақ тілдерінде оқыды.

Іс-шара барысында ҚКХП АҚК Жастар қанатының жетекшісі Мұхтар Рахымжанов «Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығы» медалімен ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Расул Ахметовты марапаттады.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 32 раз
Другие материалы в этой категории: « Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.