Понедельник, 08 января 2018 12:31

Жыл қорытындысы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Есептік мерзім бойынша ОБРК өз жұмысын партияның басшылық құжаттарына сай, ОК және ОБРК-ның соңғы Біріккен Пленумында анықталған  мақсаттарға негізделе жүргізді.

2013 жылдың маусымы мен 2017 жылдың маусым айы аралығында үш Съезд, 16 Пленумы, ОБРК төрағасы немесе төраға орынбасарының қатысуымен Саяси Бюроның 51 отырысы өткізілді.

ОБРК-ның күшімен Орталық Комитет және 16 облыстық, қалалық (Астана, Алматы қалалары) партиялық комитеттерінде тоқсан сайын 240 тексеріс жүргізілді, оның барысында әртүрлі кемшіліктер анықталып түзетілді.

Есептік мерзім ішінде партия өмірінде бірнеше маңызды оқиғалар болды. Олардың ең маңыздылары – 2015 жылы өткен ҚР Президентінің сайлауы және 2016 жылы өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы. Электоралды кампанияның екеуін де партия жоғары дәрежеде атқарды, алға қойған мақсаттар толығымен іске асырылды.

Осы жылдар ішінде халықаралық байланыс нығая түсті. Вьетнам, Қытай, Куба, Ресей және өзге де елдердің коммунистерімен байланыс орнатылды.

Орталық Комитет пен аймақтағы бөлімшелер атқарылатын іс-шараларға ерекше ден қояды. Ай сайын әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешілуіне және партияның танымалдылығын арттыруға бағытталған дөңгелек үстелдер мен әртүрлі акциялар өткізіледі. Орталық Комитеттің аясында 110, барлық партия бойынша 200-ден астам іс-шара өткізілді. ҚКХП тұрақты түрде білім беру, тегін медицина, ТКШ тарифтерінің өсуі, жұмыссыздық және т.б. мәселелерді  көтеріп отырады.   Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акциясы үлкен танымалдылыққа ие болды. Төрт жыл ішінде жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 5000 бала мектепке қажет құрал-жабдықтармен, спорт киімі мен канцелярлық тауарлармен қамтылды.

 Партия жеке адамдардың мәселелеріне де көңіл аудара бастады. Ол үшін әрбір обкомда және Астана мен Алматы қалалық комитеттерінде тегін заңгерлік көмек көрсететін қоғамдық қабылдаулар жұмыс жасайды. Ол жерге ай сайын орташа есеппен 120 адам келеді, олармен кәсіби заңгерлер жұмыс жасайды.

2016 жылы ҚКХП «Шапағат» халықтық жобасын іске қосты. Оның мақсаты – халықтың осал тобына жататын  адамдарға қолдау көрсету. Әрбір облыстық орталықта қордың бөлімшесі жұмыс жасайды. Жоба барысында 2000 адамға көмек көрсетілген.

Сонымен қатар біздің партия ипотекалық борышкерлер мен үлескерлердің мәселелеріне белсене араласты. Үкімет пен меморгандар мәселеге назар аударып, нәтижесінде проблемалық ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Оған ҚКХП-ның да ұсыныстары енгізілді. Ал проблемалық үлескерлердің мәселелері өз шешімдерін таба бастады.

Интернет желісіндегі жұмыс та күшейтілді. Әлеуметтік желілердегі жұмыстың маңыздылығын түсінген бірінші хатшылар, обком мен қалалық комитеттердің қызметкерлері «Фейсбук», «ВКонтакте», «Твиттер» сияқты әлеуметтік желілерден аккаунт аша бастады. Партияның облыстық және қалалық комитеттерінің өткізген барлық іс-шаралары әлеуметтік желілерден көрініс тауып отырады.

«Коммунист Казахстана» журналы бұл – партияның үні, біздің мұратымыз бен құндылықтарымыз, біздің баспа органымыз, журнал арқылы барлық қазақстандықтар ҚКХП-ның жұмысы жайында хабардар болып отырады.

ОБРК өз тарапынан партия қатары мен партиялық жолдастықтың нығаюына үлес қосып, коммунистердің құқығын қорғауға, партиялық ұйымдар мен сайламалы партиялық органдарда тәртіп пен талаптың орындалуын қадағалау жұмыстарын жалғастыратын болады.

Галина БАЙМАХАНОВА,

ҚКХП ОБРК төрағасы,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Прочитано 49 раз
Другие материалы в этой категории: « НАН МЕРЕКЕСІ Ауылға үміт артамыз »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.