Вторник, 09 января 2018 12:43

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ: Социалистік әлем құру үшін бірігу қажет Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жылды қорытындылай келе, ҚКХП-ның халықаралық ынтықматастығы туралы сөз қозғағым келіп отыр. Біздің партияның басты мақсаттарының бірі – өзге елдердің коммунистерімен партия аралық байланысты нығайту. Біз еңбекші халықтың мүддесін қорғайтын, марксизм-ленинизм тұғырнамасында тұрған және коммунистік мұраттарға берік коммунистік партиялармен, жұмысшылардың қоғамдық қозғалыстарымен байланыс жасаймыз. Социалистік әлем құру үшін бір бірімізбен тәжірибе алмасу және  бірлесе іс-әрекет жасауымыз қажет.

Мысалы, біз Ресейдегі КПРФ және СК-КПСС-пен делегация алмасу деңгейінде байланыс орнаттық. Олардың өкілдері Ұлы Қазанның 100 жылдығына арналған ҚКХП-ның кезектен тыс Съезіне қатысты.

Қытай Коммунистік партиясымен де жақсы қарым қатынас орнатылған. Біз бір бірімізді жақсы түсінеміз, коммунистік мұраттарға жету сияқты ортақ мақсатымыз бар. Біздің делегация Орталық Азия және Қытай саяси партияларының ІІ форумына қатысты. Мұндай байланыс тәжірибе алмасуға, үйренуге өте қажет. ҚХР-ғы әрбір сапар барысында біздің делегация ҚКП ОК Жоғары Партия мектебінің лекцияларына қатысады.

Соңғы кездері ҚКХП Вьетнам компартиясымен белсенді ынтымақтасуда. Өткен жылы сегіз адамнан құралған топ Қазақстанға келді, ал біздің өкілдер Ханоеда болып қайтты.

Куба коммунистік партиясымен жақсы байланыс бар, жыл сайын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолданатын аралдан АҚШ-тың экономикалық блокадасын алып тастау туралы мәлімдемеге қолдау білдіреміз. Бұл біздің аз ғана үлесіміз болғанымен, Куба үшін маңызы орасан.

Болашақта ҚКХП Еуропа елдерінің коммунистік партияларымен және жұмысшылар қозғалысымен байланыс орнатпақшы. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Біздің Боливариан Венесуэла Республикасымен де аздап байланысымыз бар.

Солтүстік Кореяның коммунистерімен хат және құттықтаулар алмасып тұрамыз. Астанада Солтүстік Кореяның делегациясымен кездесіп, Пхеньянға шақырту алдық.

Жуырда Грузия компартиясымен байланыс орнаттық.

Алдағы уақытта Армения және Қырғызстан коммунистерімен қарым қатынас орнатқымыз келеді. Бұл елдердің партия өкілдерімен біз Пекиндегі Форумда таныстық. Сондай-ақ басшылық деңгейінде Тәжікстан Коммунистік партиясымен келіссөздер жүргізілді. Әрине, барлық ресурстарды бірден   қамту мүмкін емес, бірақ біз соңғы жылдары халықаралық ынтымақтастық саласында көп нәрсеге қол жеткіздік. Біз бұл үрдісті әрі қарай да жалғастырамыз.

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.