Вторник, 16 января 2018 11:30

ҚОНАЕВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 қаңтар күні Алматыда Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 106 жылдығына орай ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткіші

Танымал тарихи тұлғаға құрмет көрсетуге ЖОО оқытушылары, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, меморгандар мен саяси партиялардың, денсаулық сақтау және білім беру саласының, ҮЕҰ өкілдері, еңбек ардагерлері, студенттер мен оқушылар келді. Алматының орталығында орналасқан Д.Қонаевтың мүсіні 1978 жылы Димаш Ахметұлына екінші мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын берген кезде орнатылған. Д.Қонаев үшінші рет бұл атақты 1982 жылы алды. Кейін Алматының бір көшесіне, университет пен Үлкен Алматы каналына да тұлғаның есімі берілді. Сол күні жиналғандардың барлығы Д.Қонаевтың өмірбаяны мен қызметі туралы жылы сөздер айтып, тамаша естеліктерімен бөлісті.

Д.Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеу түсті металл  институтын тәмамдаған. Инженер мамандығын меңгергеннен соң еңбек жолын Балхаш мыс қорыту комбинатынан бастаған. Елдің ірі кәсіпорындарын басқарған. Республикалық Ғылым академиясына басшылық еткен. Д.Қонаев Қазақ КСР-ның құрылуына және дамуына үлкен үлес қосқан. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы  (1960-1962, 1964-1986), КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі (9 сәуір 1971-28 қаңтар 1987), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Д.А. Қонаев кезінде Қазақстанның экономикалық ілгерілеуі байқалып, республиканың өндірістік және ауыл шаруашылық әлеуеті артқан. Д.Қонаев «От Сталина до Горбачева» (1994 ж.) атты кітабында КСРО Госкомстат мәліметіне сүйенген, ол жерде ел экономикасының және әлеуметтік саланың дамуына қатысты шынайы цифрлар келтірілген.

Іс шараға ҚКХП Алматы қалалық комитетінің активі қатысып, Д.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Рәзия Әбдіқадырова

Прочитано 77 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.