Среда, 17 января 2018 10:46

ШҚО коммунистері Президенттің Жолдауын талқылауға қатысты

Оцените материал
(0 голосов)

15 қаңтар күні  Өскемендегі ШҚО Сараптау және болжау институтында жергілікті «Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті. Отырысқа  облыстық саяси партиялар бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың және БАҚ өкілдері қатысты. Жиналғандар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

ШҚО коммунистері Президенттің Жолдауын талқылауға қатысты

Басқосудың модераторы, «Нұр Отан» партиясының  ШҚОБ төрағасының бірінші орынбасары А.М. Мұхтарханов сөз басында: - Біздің ел жүйелі және ауқымды өзгерістердің заманына қадам басты. Конституциялық реформа жүргізілді. Жаңа  төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде Қазақстанның қарқынды технологиялық жаңғыруы мен  индустриалды-инновациялық дамуына негізделген жаңа экономикалық модельге ауысу үшін мықты база құрылды. Ел бойынша ұлттық сананы жаңғырту үдерісі жүріп жатыр. Тәуелсіз Қазақстан беделді және әлемнің тұрақты экономикасы бар мемлекеттер қатарына кіріп отыр. Мемлекет даму мен жасампаздық бағытымен сенімді түрде қадам басып келеді. Президенттің Қазақстан халқына  Жолдауы  Мемлекет басшысының еліміздің жаңа әлем көшбасшыларының  қатарына кіру стратегиялық бастамаларының жалғасы болып отыр. Бүгін біз Президенттің Жолдауына қатысты ойымызды ортаға салу үшін жиналып отырмыз. Біз барлық айтылған пікірлердің негізінде  шығыс қазақстандық коалиция атынан Президенттің Жолдауына қатысты аймақ тұрғындарының пікірін айқындайтын ортақ мәлімдеме қабылдаймыз, -деді.

Кейін сөз кезегі саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық қауымдастықтардың жетекшілеріне берілді.

ҚКХП облыстық бөлімшесінің жетекшісі Ш.К. Байдәулетов қатысушылардың назарын ҚКХП үшін маңызды болып табылатын елдің  әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріне қатысты бағыттарына  аудартты.

Халықпен кездесу барысында ауыл тұрғындарының Президенттің Жолдауын жан жақты қолдайтынын байқадық. Олар алдағы жылға бекітілген негізгі 10 мақсаттың орындалуына үлкен сенім артып отыр. Ауыл халқы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуына, ауыл кадрларын даярлау жүйесінің жаңғыртылуына, мемлекеттік несиелеу мен агроөндірістік сектор үшін банктік несиелердің арзандатылуына ерекше үміт артып отыр. ҚКХП агроөндірістік сектор мен жалпы ауылдың дамуына  үлкен басымдық береді. Сондықтан Жолдау біздің партияның бағдарламалық мақсат-міндеттеріне толық жауап береді, - деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан халық коммунистерінің жетекшісі.  Сонымен қатар басқосуда «Ақ жол» партиясы облыстық бөлімшесінің өкілі Бүркіт Сұлтанов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айқазы Шерубаев, облыстық кәсіподақтар төрағасы Айжан Садықова да сөз сөйледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Лео Шик өз ойын ортаға салды. Сөз сөйлегендердің барлығы жаңа Жолдауда белгіленген Президенттің барлық бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Отырысты қорытындылай келе, Шығыс Қазақстанның «Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясының мүшелері аймақ тұрғындарын Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға және олардың іске асырылуына белсенді қатысуға шақырды.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

VKO2

Прочитано 56 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.