Среда, 17 января 2018 15:58

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

Е.К. Сағадиевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!

Президент өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы кезекті Жолдауында төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктерін айта келе, адами капитал жаңғырудың негізі екендігін тағы бір мәрте атап өтті. Сондай-ақ Жолдауда мемлекетте әрбір азамат өз әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы тиіс деп айтылған.

Қазақстан Республикасында саңырау және нашар еститін балаларға арналған 24 арнайы мектеп бар.  Арнайы мектепті тәмамдағаннан кейін, олардың басым бөлігі білімдерін колледждерде жалғастырады. Көпшілігі жоғары оқу орындарында білім алуға ұмтылады.

Дегенмен, бұл санаттағы азаматтар  білім алу жолында көптеген кедергілерге тап болады.

Қазіргі таңда Республика бойынша бірде бір ЖОО мен колледжде ым тілінің аудармашы маманы жоқ, бұл орта және жоғары білім алу мүмкіндігін шектейді. Бұл БҰҰ Конвенциясына қайшы келіп тұр.

ЖОО-да есту қабілеті  бойынша бір мүгедек білім алып жатса, ол жерде міндетті түрде ым тілінің аудармашысы болуы тиіс.

ҰБТ кезінде ым тілі аудармашыларының қызметі қарастырылмаған, яғни есту қабілеті бойынша мүгедек талапкерлерге толық ақпарат алу мүмкіндігі жоқ.

Есту қабілеті бойынша мүгедектердің магистратураға түсу және онда білім алу мүмкіндіктері жоқ, себебі шетел тілінен емтихан барысында мәтін аудиожазба ретінде берілетін  тапсырмалар бар. Бұл да осы санаттағы мүгедектерді шеттету болып табылады.

Осыған орай аудиомәтіндерді жазбаша түрге ауыстыру қажет.

Қазақстан Республикасында ым тілінің аудармашысы мамандарын оқытып шығаратын бірде бір жоғары оқу орны жоқ.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары                                        

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

17.01.2018 жылы жарияланды

Прочитано 16 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.