Среда, 17 января 2018 16:00

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

М.Б. Бекетаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Марат Бақытжанұлы!

М. МагеррамовҚазіргі таңда елімізде Ұлт жоспарының 27 қадамына сай жеке сот орындаушылары институтын дамыту сәтті іске асып жатыр. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында да Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» орындалуы туралы айта келе, жоспарлы түрде іске асып жатқан қадамдар туралы да айта кетті.

Сөзсіз, кезең кезеңімен сот орындаушылары мемлекеттік қызметінің қысқартылуы да осы қадамдарға жатады. Осыған орай жеке  сот орындаушыларының қызметі үлкен маңызға ие болуда, себебі олардың жұмысы азаматтармен және сот шешімдерінің орындалуымен тікелей байланысты.

Жеке сот орындаушылар институтының дамуындағы белгілі бір жетістіктеріне қарамастан, қауіп төндіретін бірқатар қиындықтар да бар. «Халық коммунистері» фракциясы жеке сот орындаушылар институтын нығайтып, оның жұмысын жақсартатын бірқатар шараларды ұсынады.

 Біріншіден, біз борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жеке сот орындаушы қызметінің белгіленген пайыздық төлеміне қайта оралуды ұсынамыз;

 Екіншіден, қолданыстағы өндіріліп алынатын сомманың он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті көлемін қайта қарастыруды;

Үшіншіден, мемлекеттік кіріс департаменттеріне жеке сот орындаушыларының өндірілген қаражат жатқан ағымдағы есеп шоттарын бұғаттауға тыйым салу;

Төртіншіден, атқарушы құжаттың сот орындаушысына түскеннен кейін атқару өндірісін қозғауға қатысты өзгерістер енгізу, бұл әрекетті үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекіту, ал жеке сот орындаушылары мен өндіріп алушы арасында келісімге қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кештетпеу;

Бесіншіден, атқарушы құжаттар бойынша орындау мерзімін алты айға дейін, ал күрделі немесе ұзақ істер бойынша мерзімді бір жылға дейін ұзарту, тек заң жүзінде басқа орындау мерзімі белгіленген жағдайдан басқа;

Алтыншыдан, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің құзыретін кеңейту, әсіресе алименттер, жалақыны өндіріп алу сияқты әлеуметтік маңызы бар санаттар бойынша атқарушы құжаттарды орындау барысында. Сондай-ақ, борышкердің мүлкін хаттама құру арқылы тәркілеу сияқты процессуалды іс әрекеттер жасауға құқық беру.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары                                     

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

17.01.2018 жылы жарияланды

Прочитано 73 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.