Среда, 17 января 2018 16:16

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

Е.А.Біртановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Елжан Амантайұлы!

Денсаулық сақтау саласындағы көптеген жаңашылдықтар мен зерттеу әдістерінің дамуымен қатар халық денсаулығының жағдайы әлі де болса мемлекет тарапынан тұрақты  көңіл бөлуді талап етеді.

Бұған дейін елде емдеу-алдын алу және шипажайлық-курорттық мекемелер көп болатын. Өндіріс орындарында жұмысшылар жаппай алдын  алу шараларынан өтетін, қажет жағдайда шипажайлық-курорттарға жолдама алып, емделіп қайтатын. Шипажайлардағы ем шаралар табиғи емдік негізде жүргізілетін.

Қазіргі таңда шипажайлардың кейбіреулері ғана өздерінің салалық қызметін сақтап отыр. Шипажайлық-курорттық ем ауралардың алдын алу мен оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қызмет жасауды тоқтатқан. Медмекемелер аурудың алдын алу мен емдеу салдарын пысықтау үшін шипажайларға сүйенбейді. Бүгінгі таңда көптеген шипажайлар сақталынып, демалыс орындары ретінде жұмыс жасайды. Оларда маусымдық жүктеме деген түсінік бар, сондықтан бағалары да қымбат. Қыс мезгілінде шипажайлар бос тұрады. Дегенмен жаз айларында түскен табыс қыстың шығындарын (жылу, қызметкерлер жалақысы) толығымен өтейді.

Осындай себептермен көптеген шипажайлар жабылып, басқалары өздерінің қызмет көрсету бағытын өзгерткен. Ал соңғы жылдары жаңа шипажайлар салынған жоқ.

Біздің фракция халық денсаулығын нығайтудың қосымша қайнар көзі ретінде шипажайлық-курорттық емді қалпына келтіруді ұсынады. Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қорын құру әдістемесі құрастырылып жатқанда кәсіпорындар мен мекемелерде жұмысшылар үшін емдеу қорын құруды, әсіресе ауыр және зиянды  өндірісте жұмыс істейтіндер үшін және емге мұқтаждар үшін шипажайлық-курорттық қызметті жаңғыртуды да қарастыру қажет. Біз қоғам игілігінің пайда табу көзіне айналуына жол бермеуіміз қажет. Халық денсаулығына жайлы әсер ететін табиғи факторларды ұқыпты пайдалану мен қорғау бойынша іс шаралар тізбесін құрастыру қажет. Сонымен қатар кәсіпорындар мен мекемелерде өздерінің есебінен денсаулық бөлмелерін, емдеу-алдын алу пунктерін құру қажет. Бұл жерлердегі медқызметкерлер штаты денсаулық сақтау органдарының бюджеті есебінен құрылуы тиіс.

Жалпы аурудың алдын алу мен емделуден кейінгі оңалту шаралары денсаулық сақтау органдары мен шаруашылық жүргізуші субъекттің серіктестігінің бара барлық негізінде жүргізілуі мүмкін. Мұның барлығы саламатты өмір салты мен халықтың өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Айтылған ұсыныстарды қарастырып, жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

17.01.2018 ж. жарияланды

Прочитано 59 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.