Пятница, 19 января 2018 14:55

БЕТПЕ БЕТ

Оцените материал
(0 голосов)

Аймақтардағы іс сапар барысында  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді.  Коммунист қаланың білім беру саласы мен банк борышкерлерінің мәселесіне ерекше назар аударды.

Ирина Смирнова мен фракция депутаты Галина Баймаханова  Абай атындағы Қазақ  педагогикалық университетінде кездесу өткізді. Кездесу барысында «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.  Қатысушылар білім беру жүйесін жаңғырту бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, депутаттарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Депутаттардың келесі кездесуі Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-де өтті. Бұл жерде жуырда қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі және білім беру жүйесіндегі реформалар талқыланды.

Енді бір кездесу Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Алматыдағы өкілдігінде өтті. Кәсіподақ қызметкерлері депутаттармен білім беру жүйесіндегі реформалар, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының мәселелерін талқыға салды.

Депутат білім беру саласындағы жағдаймен қоса банк борышкерлерінің мәселелерін де қамтыды. И.Смирнова ҚР Ұлттық банкінде борышкерлердің өкілі Талғат Такеев және құзыретті банк құрылымдарымен кездесу өткізді. Ирина Владимировна борышкерлердің ұсыныстары мен өтініштерін өзінің депутаттық сауалдарында көтеріп отыруға дайын екендігін жеткізді.

Әзірлеген Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА 

Прочитано 55 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.