Пятница, 26 января 2018 13:07

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Т.Қ. Дүйсеноваға

Депутаттық сауал

Құрметті Тамара Қасымқызы!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір топ жауынгер-интернационалистерден өтініш хат келіп түсті. Жауынгер-интернационалистер   қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы ғана мәселені шешу мүмкін болғандықтан көмек сұрап отыр.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі №2247 Заңының 6 бабында жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады делінген:

- басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысқандар, соның ішінде Ауғанстан аумағында әскери қимылдарға қатысқандар;

- 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.

Аталмыш заңда Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген адамдар санатындағы тұлғаларға бірдей жеңілдіктер мен кепілдіктер қарастырылған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13 баптың 8 бөлімінде жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген делінген;

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының редакциясынан кейін 13 баптың 8 бөліміне біраз өзгерістер енгізілген.   Соның негізінде Отан мүддесін қорғаған солдаттар мен офицерлер мемлекеттен алған баспаналарын жекешелендіру мүмкіндігінен айырылды. Ал басқа санаттағыларға заң мұндай мүмкіндік беріп отыр.

2012 жылға дейін қолданыста болған заңнаманың нормалары жауынгер-интернационалистерге мемлекеттік үй қорынан алынған баспананы қайтарымсыз жекешелендіруге мүмкіндік беретін.

Тұрғын үй қатынастары заңнамасына өзгерістер енгізу барысында «Тұғын үй қатынастары туралы» Заңның 13 бабының жаңа мәтінінен техникалық себептерге байланысты бір абзац түсіп қалған:

«өзге мемлекеттердің аумағында әскери қимылдарға қатысушылар, соның ішінде:           Кеңес Әскерінің, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер министрлігінің басшылық және қатардағы құрамы (әсери мамандар мен кеңесшілерді қоса),  бұлар бұрынғы КСРО-ның үкіметтік органдарының шешімімен өзге мемлекеттердің аумағында әскери қимылдарға қатысқан; әскери міндеттілер, оқыту жиынына шақырылғандар және әскери қимылдар кезеңінде Ауғанстанға жіберілгендер; әскери қимылдар кезінде Ауғанстанға жүк апаруға бағытталған автокөлік батальонының әскери міндеттілері, бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери міндеттілері; Ауғанстанда кеңестік әскери контингентке қызмет көрсету барысында жарақаттанған, контузия алған немесе бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарын алған қызметкерлер мен жұмыстшылар;».

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан  одақтың бұрынғы республикалары сияқты жеңілдіктер санатындағы адамдарды жеңілдіктермен қамту жауапкершілігін өз мойнына алды. Біздің республика тиісті құжаттарға қол қойды. Біздің көршілер, әсіресе Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан «ауғанстандықтар» үшін жеңілдіктерді сақтаған.

Осыған орай біз Сізден  «Тұғын үй қатынастары туралы» Заңның 13 бабының 8 тармағына өзге мемлекет аумағында әскери қимылдарға қатысқандар туралы жоғарыда айтылған абзацқа қатысты әділдікті орнатуға қатысты

толықтырулар енгізу туралы заңнамалық бастама жасауыңызды сұраймыз.

Депутаттық сауалды қарастырып, жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде беруіңізді сұраймыз.

Қосымша: 3 бетте

Құрметпен, ҚКХП-ның «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

24.01.2018 жылы жарияланды

Прочитано 45 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.