Среда, 31 января 2018 12:31

Адами капитал – жаңғырудың негізі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

30 қаңтар 2018 жылы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Адами капитал – жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен партиялардың, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің, кәсіподақтардың өкілдері, қоғам белсенділері, обком мүшелері мен БАҚ қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында бұл тақырыптың өзектілігін атап өтті.

«2017 жылы Президент кезекті Төртінші өнеркәсіптік революция басталғандығы туралы айтқан болатын. Әлем қарқынды әрі ауқымды өзгерістер дәуіріне қадам басты. «Ақылды» технологиялар қиын әрі ауқымды мақсаттарды  шешуге көмектесіп, еңбек өнімділігі мен тауар сапасын арттыруда.

Шикізат экономикасының мүмкіндіктері өз өзін тауысқан заманауи жағдайда  Қазақстанға елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін «Индустрия 4.0-дің» барлық басымдықтарын пайдалана отырып экономикалық дамудың жаңа моделін құру қажет. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанның үшінші жаңғыруы іске асырылады, оның негізгі аспектілері 2017 жылдың қаңтар айындағы Президенттің Жолдауында баяндалған.

Қазақстан инновация мен сандық технологияларға негізделген жаңа формациядағы мемлекет құруда елеулі жетістіктерге қол жеткізді, осы жылы да бұл тренд жалғасын табады.

2018 жылғы Жолдауда Мемлекет басшысы бірқатар мақсаттарды айқындап берді, олар Төртінші өнеркәсіптік революцияның ұстанымдары мен технологияларын қарқынды енгізуге ықпал ететін болады:

  • Индустриализация жаңа технологиялар енгізудің қолбасшысы болуы тиіс.
  • Ресурстық әлеуеттің әрі қарай дамуы.
  • «Ақылды технологиялар» - агроөндірістік кешеннің дамуындағы серпіліс үшін үлкен мүмкіндік.
  • Көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру.
  • Құрылыс және коммуналды секторға заманауи технологияларды енгізу.
  • Қаржы секторын «қайта жүктеу».
  • Адами капитал – жаңғырудың негізі.
  • Тиімді мемлекеттік басқару.
  • Сыбайлас-жемқорлықпен күрес және заңның үстемдік құруы.
  • «Ақылды ұлт» үшін «ақылды қалалар».

Жолдауда адами ресурстарды дамытуға ерекше назар бөлінген. Адами капитал - маңызды бәсекелестік басымдықтарының бірі, инновация мен жоғары технологияларды енгізу мен дамытудың қозғаушы күші.

«Индустрия 4.0» жағдайында кадрлар дайындау әдісін өзгерту қажет. ЖОО-лар диплом ғана беріп қоймай, озық білім беріп, жұмыс істеп, ғылыммен айналысатын кәсіби білікті мамандар даярлауы тиіс.

Азаматтардың барлық жас ерекшелігін қамтитын өзіндік білім беру жүйені құру қажет. Бұл үшін білім алудың тәсілдері мен педагогтардың біліктілігін қайта қарастыру керек.

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің басты мақсаты – жас буынды ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға  біріктіру.  Өзгерістерді мектепке дейінгі білімнен бастау қажет.  Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде әлеуетті дамыту үшін балалардың ерте дамуына септігін тигізетін, әлеуметтік дағды мен өз бетімен үйрену машығын дамытатын  бірыңғай стандартты бағдарламалар енгізу қажет.

Жастарды ғылыми-зерттеу және өндірістік-технология саласына тартуға басымдық беру керек. Бұл үшін барлық аймақтарда оқушылар сарайы негізінде  барлық қажетті инфрақұрылым, компьютерлер мен зертханалар, 3D-принтерлері бар балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторлар желісін құру қажет.

Шетел тілдерін меңгерудің де маңыздылығы артып отыр. Қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде болып отыр. Ол үшін әртүрлі қадамдар жасалынып жатыр: орыс мектептеріне қазақ тілін үйретудің жаңа әдісі құрастырылып енгізіледі; 2016 жылдан бастап қазақ мектептерінде орыс тілі 1 сыныптан бастап өтіледі; 2019 жылдан бастап  10 және 11 сыныптарда жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде жүргізілетін болады.

Қазақ тілінің латын графикасына көшу үдерісі де жалғасады. Мемлекеттік тілді жаңғырту қажеттілігі оның бай әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.  Латын әліпбиі - рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейлікті нығайтудың қуатты факторы. Қазақстан әлемдік кеңістікке бірігеді. Барлық сандық ресурстар әлемде латын әліпбиін қолданушылардың барлығына қолжетімді болады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарға да байланысты, олар қазақ тілін меңгерген, бірақ кириллицада оқымайтын адамдарға қолжетімді болады.

Әлемдегі барлық инновациялық жаңалықтар ең әуелі латын графикасында өндіріледі. Латын әліпбиіне ауысу ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақта экономикалық  табыс әкеледі: бұл латын графикасында шыққан өнімдерді кириллицаға ауыстыруға кететін уақытты үнемдейді.

Осы өзгерістердің нәтижесінде  қазақстандық түлектер ел ішінде және жаһандық әлемде өмір сүріп, еңбек етуге қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Мемлекет басшысы жолдауда  ғылыми гранттар аясында жас ғалымдарға квота бөлу арқылы жас ғалымдарды қолдаудың жүйелі саясатын құрудың уақыты жеткендігін атап өтті. Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді.

Жеке сектор тарапынан бірлесіп қаржыландыру барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін міндетті талап болуы шарт.  ЖОО-ға шетелдің алдыңғы қатарлы университеттері мен зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және ТҰК-пен ортақ жобаларды белсенді түрде іске асыру қажет.

Денсаулық сақтау жүйесіне де өзгерістер қажет. Қазіргі денсаулық сақтау саласы  ұзақ мерзімді қымбат стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс.  Қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтіп, саламатты денсаулық салтын үгіттеу қажет. Медицинаға генетикалық талдау жасайтын заманауи технологияларды енгізу қажет. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы кезең кезеңімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтеді. Ол халықтың, мемлекет пен жұмыс берушінің ынтымақты жауапкершілігіне негізделген. Мұндай шаралар медициналық қызметтің ауқымын кеңейтуге және сапасын жақсартуға бағытталған.

BigData негізіндегі технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық жүйелер интеграциясы, сандық мобильді қосымшалар, электронды денсаулық паспортын енгізу, «қағазсыз» аурханаларға көшу арқылы медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру қажет. Сондықтан медициналық кадрларды даярлаудың сапасы мен қамтамасыз етілуі үлкен мәнге ие. Қазіргі таңда Қазақстанда Назарбаев Университетінің Медицина мектебі аясында интеграцияланған университеттік клиника жұмыс істейді. Бұл тәжірибе барлық медициналық ЖОО-да қолданылатын болады.

Еңбек нарығын тиімді қамту, әрбір адам өзінің жеке әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау мәселесі де маңызды. Адамдарды өнімді жұмыспен қамтылуға тарту үшін мүмкіндіктер ұсыну қажет – жеке іс ашу үшін немесе жаңа мамандық игеруге, я болмаса жұмысқа орналасуға.  Сонымен қатар қазақстандықтар елдің басқа өңірлерінен де жылдам жұмыс таба алатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін бірыңғай электронды еңбек биржасын енгізу керек, ол жерде бос жұмыс орны мен жұмыс іздеушілер туралы толық ақпарат шоғарылануы тиіс.

Өткен жылы Қазақстан көптеген бағыт бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізді – технологиялық және инфрақұрылымдық дамудың жаңа кезеңіне серпін берілді, конституциялық реформа билік тармақтарына нақты теңгерім орнатты, ұлттық сананы жаңғырту үдерісі күшейді. Барлық шаралар мен міндеттер заманауи даму тенденцияларына және Қазақстан экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сәйкес», - деп жазылған дөңгелек үстелдің қорытынды құжатында.

ҚКХП ОҚ обкомы        

44444444

Прочитано 110 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.