Среда, 31 января 2018 12:37

ШҚО коммунистері Президенттің Жолдауын талқылауға қатысты

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 30 қаңтарында Өскеменде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 10 қаңтар күні жарияланған Жолдауы талқыланды.  Талқылауға облыс орталығының атқарушы және заң шығарушы билігінің, саяси партия бөлімшелері мен жастар ұйымдарының өкілдері, еңбек ұжымдарының делегациялары мен студенттер, Қазақстанның негізгі конфессияларының дін қайраткерлері мен қалалық БАҚ қатысты. Жиын Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. ҚКХП ШҚОК атынан талқылауға обкомның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

Іс шараның басты мақсаты Өскеменде Президенттің бұған дейінгі жолдауларының, басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат алу болды. Ең маңыздысы Қазақстанның жалпы дамуының міндеттеріне сәйкес ШҚ облыстық орталығының әлеуметтік-шаруашылық әлеуетінің  жаңа даму перспективалары туралы мағлұмат алу болды.

Негізгі баяндамамен Өскемен қаласы   әкімінің орынбасары Ольга Булавкина сөз сөйледі. Ол қала бойынша негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының қазіргі кезеңде іске асырылуы мен жаңа Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға қатысты жоспарлармен таныстырып өтті.

Басқа  баяндамашылар да  өз сөздерінде Жолдауда белгіленген мақсат пен міндеттерді қолдап, ведомство негізінде олардың іске асырылуы бойынша жасалынып жатқан шаралар туралы айтып берді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Прочитано 58 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.