Среда, 07 февраля 2018 14:59

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқынының жалғасып жатқанына төрт жыл болды.  Бұл мерзім ішінде 600-ден астам нысан сатылды, алайда оның экономикалық тиімділігі көптеген сұрақтар тудырып отыр, коммунист-депутаттардың сайлаушылармен кездесу барысында да осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғалды.

Біріншіден,  сауда-саттыққа дайындық пен өткізуге кеткен шығындарды есептемегенде барлық кезең бойынша жекешелендіруден шамамен 256 миллиард теңге пайда түскен. Бұл 2014-2017 жылдардағы республикалық бюджет табысының 1% құрайды. Сөйтіп, жекешелендіру ешқандай қазыналық рөль атқармаған.

Екіншіден, сатылған нысандардың 54%-ы – коммуналды меншік нысандары.  Олардың басым бөлігінің әлеуметтік бағдары бар, сондықтан олардың сатылымы жеке сектордың шынайы экономикалық мүмкіндігін кеңейтпейді. Нысандардың енді бір бөлігі меморгандар мен ұлттық компаниялардың қызмет көрсететін ұйымдары болып табылады. Олардың сатылымы бәсекелестік ортаға ешқандай әсер етпейді, себебі олар жалғыз жеткізуші болып қала береді.

Үшіншіден, мемлекеттің экономикадағы рөлін азайту мақсаты да шешілмей отыр.  Өткен жылдың өзінде «Қазақ инвест» және «Қазақ туризм» деген жаңа ірі ұлттық компаниялар құрылды. Олардың қызмет ауқымы барлық жекешелендірілген коммуналды нысандардың айналымынан асып тұр. Факт бойынша мемлекеттік нысандардың санын ресми қысқарту аясында мемлекеттің экономикаға араласуының күшейтілгендігі байқалады.

Төртіншіден, жекешелендіру қор нарығын ынталандыруға жеткізбеді. Ұлттық холдингтердің сатылған 114 нысанының 29-ы ғана көтерме бағамен жарыстар мен аукциондар арқылы сатып алынды. Қалған 85 нысан (75%-ға жуығы) төмендетілген бағамен аукциондар арқылы немесе ешқандай жарыссыз, тікелей сауда, яғни сыйға тарту, төлеп алудың айырықша құқығы негізінде сатып алынды.

Бесіншіден, жекешелендірудің екінші толқыны кезінде бағдарламадан 321 нысан алынып тасталынды, яғни әрбір үшінші нысан. Бұл сатылымға шығарылған актив тізімінің пысықталмағандығын, оларды жекешелендірудің объективті қажеттілігінің жоқтығын айғақтайды.

Алтыншыдан, жекешелендірілген кәсіпорындарға инвестицияның ағылып келуі мен экономикалық белсенділіктің жандануы байқалмай отыр.  Қазіргі таңда жекешелендіру үдерісі инерциялық режимде жалғасып жатыр, алайда оның экономикалық мақсаты мен міндеттері түсініксіз. Мемлекеттің араласуы мейлінше азайтылатын, я болмаса оның рөлі сақталынатын салалар нақты анықталмаған. Нақты талаптардың жоқтығынан жекешелендірілетін нысандар тізімі үнемі қайта қарастырылады.

Төрт жылғы жекешелендірудің ел үшін экономикалық тиімділігі мардымсыз болғанын, ал азаматтар  күмәндана және коммуналды жеке меншік нысандарының болашағы мен тарифтердің өсуіне қауіптене  қарайтынын  ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясы бағдарламаны осы қалыпта іске асыруды жалғастыру жөнсіз деп санайды. Оның орнына мемлекеттік активтерді басқарудың кәсіпкерлікке де, халыққа да түсінікті, салалық  бағыты бар, ұзақ мерзімді міндеттері айқындалған сапалы концепция қажет.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

07 ақпан 2018 жылы жарияланды

Прочитано 14 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.